Көшпелі діни семинар өткізілді.

Дәстүрге сәйкес ауыл, кент имам, молдалары арасында ай сайын көшпелі діни семинар өткізіліп келеді. Осындай діни семинар жуырда Түркістан қаласы мен Кентау қалаларында және Түлкібас аудандарында өткізілді.

Оған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы мен өкіл имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров және аудан әкімдері құқық қорғау органдары мен ішкі саясат бөлімдері мен мектеп директорлары, ауыл билері, қажылар мен зяилы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Аталмыш діни семинар күн тәртібінде түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, болдырмау, түсіндіру жұмыстары және ауыл кент имам, молдаларының бес уақыт намазға міндеттілігі, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының жұмыс деңгейі, тәртіп мәселелері мен жұма күндері сағат 11.00-ден бастап Құран дискілерін оқытып қою секілді т.б.тапсырмалар берілді.

Осы діни семинарда тапсырмалар мен қатар, аудан, қала бас имамдары  алғашқы жарты жылдық есептері тыңдалды. Атап айтқанда алғашқы алты айлық себеті Түркістан қаласы «Хилует» мешітінің имамы Омар Елеуұлы, Кентау қаласы орталық мешітінің имамы Понаов Исмаил, Түлкібас ауданы «Түлкібас ата» мешітінің имамы Оңалбаев Бауыржандардың есебі тыңдалды. Осы бағытта қалған аудан, қала имамдарының есептері бекітілген жоспарға сәйкес тыңдалатын болады.

Жиын барасында Өкіл имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы 12 шілде күні «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің халыққа жолдаған үндеуі аясында кеңінен түсіндірілді.

Діни семинарға жиналған көпшілік тарапынан және жергілікті кәсіпкерлер тарапынан үлкен қолдауға ие болып, хазретке алғыстарын жолдауда.

Жиын соңында аудан қала имамдарының есептері жергілкті баспасөз беттерінде жарияланатын болып шешілді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу