Ақтөбедегі оқиғаға байланысты…

Ақтөбедегі дін атын жамылып, қылмысқа барғандар ісімен құқықтық органдар айналысқаны жөн- Бас Мүфти

Ақтөбеде болған оқиға жайында ресми ақпараттар берілді, біз ол жөнінде сұрастырып көрдік. Дін атын жамылғандар — мұнай ұрлаушылар, қылмыскерлер осындай жағдайға барды деген мағлұмат берілді.

Сондықтан онымен прокуратура, құқық қорғау органдары айналысқаны жөн. Бұл жайында бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар Қажы Дербісәлі Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің имамдар адам баласына қол жұмсау, қиянат жасау үлкен күнә екендігі жайында барлық уақыттарда айтып жүреді. Сонау 2001 жылғы Америкада болған оқиғадан кейін сәл бірдеңе болса исламға жала жаба жөнеледі. Ислам ондай істердің барлығына қарсы. Адамды өлтіруге емес, халықты ынтымақтастыққа, бірлікке шақыратын дін. Сондықтан орын алған келеңсіздіктердің барлығын дінменен байланыстыра берудің жөні жоқ. Барлық әлемдік діндер жұртқа қылдай қиянат жасауды қоштамайды», -дейді Бас мүфти.

Сонымен қатар ол Ақтөбедегі бас имамның ауыстырылуы жайына тоқталып өтті. «Ақтөбедегі имам онда орын алған келеңсіздікке дейін ауыстырылған болатын. Бізде әр бес жыл сайын облыстардағы имамдарды ауыстырып отыратын ратоция бар. Міне, осы себепті биыл 16 аймақтағы 10 бас имам ауыстырылған еді», -дейді ол.

АЛМАТЫ. 25 шілде.  ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу