Б.Әліпбекұлы: Бақара сүресі, 183-185 аяттар тәпсірі (ораза жайлы)

Бейбіт қажы Мырзагелдиев,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

өкіл имамы, дінтанушы

Ей иман келтіргендер! Деп момындарға қаратып, маңызды, ауыр істі бұйырудан алдын, өзі жақсы жақсы көрген пенделерінің келешек іске қайратпен кірісу мүмкіндігін ашады.

Сіздерден алдыңғыларға парыз етілгендей, сіздерге де ораза парыз етілді.

Аят мағынасынан келіп шығатын нәрсе ораза жаңа ғибадат еместігін, сондай-ақ барша діндерде бұрыннан бар ғибадат екенін түсінеміз.

Діндер тарихын оқып білген ғұламалардың айтуынша, барлық діндерде, Илаһи болмаған діндерде де ораза ғибадаты бар екен. Бірақ оны орындау түрліше болған.

Мысалы, Насараларда жануарлардан шыққан азықтардан өзін тыйып жүруді ораза дейді. Оларда мерзімі 40 күн болады.

Исламда ораза – араб тілінде «саум» делініп, лұғатта өзін тыю мағынасын білдіреді.

Шариғат бойынша – Рамазан айында таң атқаннан күн батқанша жеп-ішуден, жынысытық қатынас жасаудан өзін тыю.

Аяттың соңында Аллаһ тағала «Тақуалы болуларың үшін»,-деп, оразадан көзделген негізгі мақсатты да баян етіп қоюда. Демек ораза да тақуа жолдарының бірі. Ораза тұтқан адамның тақуалығы оянуы керек. Егер ораза тұтып тақуалығы оянбаса ол адам шынайы ораза тұтпаған болып есептеледі. Жоғарыдағы аятта ораза парыз етілгендігінің хабары келді. Алдыңғы үмметке жыл бойы, жарты жыл ораза тұту болған. «Оразаның мерзімі қанша» деген сұрақ туады. Келесі аят осыған жауап береді.

Яғни ораза парыз болған күндер «Санаулы күндер». Ораза тұтудың өзіне тән қиыншылықтары бар. Сондықтан да Алла тағала ауру немесе сапарда болып, қиындықта тұрған пенделерге, ауырлық үстіне ауырлық болмасын деп, жеңілдік берді.

Сіздерден біреу ауру немесе сапарда болса, сол күндердің оразасын басқа күндерде өтейді.

Ауру жазылған соң, мүсәпір сапардан қайтқаннан кейін, қанша күнді тұтпаған болса, сонша күн қаза ораза тұтады.

Ғұламаларымыз аурулар қатарына жүкті және емізетін әйелдерді де қосқан. Жүкті әйел қанша күн ораза тұтпаған болса босанғаннан кейін сонша күн ораза тұтады.

Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер, әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай фидя берсін.

Яғни, кәріліктен, ораза тұтуға жарамай қалған кісілер тұтылмаған әрбір күндік ораза орнына бір мискинді тойғызады. Бұл өзі өмір сүріп жүрген аймақтың орташа тағамы есебімен болады. Құны «фидя беру» дейді.

Ғұламаларымыз осы тайпаға жазылмайтын ауруы бар кісілерді де қосқан. Олардың аурулары оразаға мүмкіндік бермейді. Қазасын өтейді десе жазылуынан үміт жоқ.

Кімде кім (белгілемеден) артық берсе тіптен жақсы.

Кім сауабын көбірек аламын деп, бір кісіге емес екі, үш кісіге немесе орташа емес, жоғары дәрежеде азық берсе өзі үшін жақсы.

Білсеңдер сендер үшін (ауыз ашық жүруден, бодау беруден) ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы.

Басқа ғибадаттар секілді ораза да, алдымен бұл ғибадатты орындаушының өзіне жақсы. Жаннатқа кіру, дәрежеге көтерілу, тақуалыққа жету, саулық есендік және біз білмеген жақсылықтарға ораза тұту арқылы жетеді.

Келесі аятта жоғарыда айтылған «санаулы күндер»,-дің уақыты белгіленеді және сол уақыттың артықшылығы және оразаның басқа үкімдері туралы айтылады.

Алдыңғы аятта ораза «санаулы күндер» парыз етілгені айтылған еді. Бұл аятта сол санаулы күндер «рамазан айы» екендігі айтылуда.

Рамазан айы сондай бір ай, сол айда адамдарға ақ жол көрсеткен, дұрыс пен бұрысты айыратын дәлел түріндегі Құран түсіріле бастады.

Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып есептеледі. Оның артықшылығы туралы көптеп хадистер, ғұламалардың сөздері, көптеген кітаптар басылған.

Алла тағала Өзінің мәңгілі мұғжизасы, қияметке дейін адамзатқа туралық болатын кітабы Құран түсіріле бастады.

Енді нұр үстіне нұр, артықшылық үстіне артықшылық етіп, ораза ғибадатын да осы Рамазан айында тұтуды парыз етуде.

Кім осы айда болса, сөз жоқ ораза тұтсын.

Осы Рамазан айына сау-саламат жетсе, жаңа ай туылғанын көрсе немесе Рамазан айы басталғандығы туралы хабар жетсе оразасын тұтсын. Бұл бұйрық жалпылама, бірақ барша қауым ораза тұтуы парыз екен деген пікір пайда болмауы үшін: «Егер ауру болса немесе  жолаушы жүрсе, басқа күндерде орнын толтырсын»,-деп ораза тұтудың парызына махабаттарын асыру үшін.

«Алла сіздерге жеңілдікті (қолайлықты) қалайды және сіздерге қиындықты қаламайды»,-деді.

Әрқашан пенделерге жеңілдікті қалау және олардың қиналмауын – Ислам дінінің негізгі қағидасы. Ислам шариғаты оңайлыққа негізделген. Пайғамбарымыз с.а.с. Муаз ибн Жабал мен Абу Муса әл-Ашғариді Йеменге жіберіп тұрып, ынталандыратын сөздер айтыңдар, ашу тудыратын сөз айтпаңдар, жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар деген.

Осы ораза ғибадатында Алла тағала жеңілдікті қалағанын ескертуде. Баршаға ораза тұту парыз десе Алланың хақы бар. Бірақ Ол мейірімді және мүсәпірлер өз уақытында тұтпаса мейлі, кейін тұтып береді деді.

Сол сияқты мерзімді бір ай емес, екі, үш, мүмкін оданда көбірек айларда парыз қылса болар еді. Бір айды парыз қылғаны да жеңілдік.

Құран, Ислам, ораза сияқты құлшылықтардан хабарсыз немесе хабардар болса да, бұл шындықты мойындамай келе жатқан өзге діннің медицина ғалымарыда ұзақ ғылыми ізденістерінің нәтижесінде дініміз бұйырған амалдардың адам өміріне қаншалықты пайда екенін мойындауда.

әр бір пенде сау саламат болуы үшін, бір жылда еш болмағанда бір ай өз еркімен аш қалу керек деп түсіндіруде.

Санаулы күнді толтыруларыңды, сендерді тура жолға салғандығы үшін Алланы мадақтауларыңды, Аллаға шүкірлік етулеріңді қалайды.

Ия, Исламдағы ғибадаттарды парыз етіп, пенделік борышын өтеуге, күнәларының кешірілуіне, артықша сауаб алуға мүмкіндік жаратып берген Алла тағаланы тынбай ұлықтап, әрқашан шүкіршілік ету керек.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Оразада ауыз ашкан сон жолдасынмен косылуда куна ма


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    MasHAllah!

Пікір жазу