Ауызашарға асығу

Ақшам намазы кірген кезде аузы берік адамның оразасын ашуға асығуы – сүннет. Бұны Пайғамбарымыздың өзі «ауыз ашуға асығыңдар» деп ескерткен. Ораза ұстаған адамға ауызды құрма не сумен ашу – сүннет. Әнас ибн Малик «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) намаз оқымай тұрып, бар болса бірнеше жас құрмамен ауыз ашатын. Егер жас құрма жоқ болса, кепкен құрмамен ашатын. Егер ол да жоқ болса сумен ашатын»36, — дейді. Ораза айында кешкісін әуелі ауыз ашқан жөн бе, жоқ әлде намаз оқыған абзал ма?

Егер ақшам намазы кірген болса әуелі сәл нәрсемен болса да ауыз ашып, іле намаз оқылады. Не тезірек тамақтанып алып барып намаз оқуға да болады. Алайда ораза кезінде түрлі тамақтар дайындалатындықтан ақшам намазына кешігіп қалу қаупі бар. Сондықтан намаз уақыты кірісімен оқып алған абзал.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу