КІТАП БАҒАЛАРЫ 10 % ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Биылғы қасиетті Рамазан айы қар-саңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі жылдағы игі дәстүр бойын-ша халыққа үндеу жариялағаны белгілі. Үндеуде айтылған: «Мүмкіндігі бар отандастарымды осынау қасиетті де, берекеге толы айда Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағаларының күрт қымбаттап кететінін көріп жүрміз. Бұл, әрине, халықтың орынды наразылығын туғызады. Мүбәрак айда кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жасаған Иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық төлемақылар және телекоммуникациялық байланыс тарифтері  де осылай төмендетілсе» деген тілекке сәйкес алғашқылардың бірі болып «Көкжиек» баспасы өз кітап өнімдеріне 10% жеңілдік жасады. Ендігі жерде Рамазан айы бойы рухани дүниелерге сусындасам деген кітапқұмар оқырмандар «Көкжиек» баспасының сауда орындарынан қалаған кітаптарын 10% жеңілдетілген бағамен ала алады.

Қ.БАҒАШАР, «Көкжиек» баспасы, Алматы қаласы. Ақпарат көзі…

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу