Ораза адам рухын кемелдендіреді

Адам – тәнмен қатар рухқа да ие болмыс. Тәнінің материалдық нәрселерге қажеттілігі болғаны сияқты рухтың да кемелдену үшін қажеттіліктері бар. Адамның рухани жағын кемелдендіретін, ой-санасын жүйелендіретін, нәпсілік қалауларын тізгіндеуге себеп болып Жаратушымен байланысын арттыратын амал ол – құлшылық. Оразада осындай қасиеттердің бәрі кездеседі. Осы тұрғыда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Әр нәрсенің бір зекеті бар. Тәннің зекеті ораза. Ал ораза сабырдың жартысы»[1], — деген.

Тағам тәнді азықтандырса, ораза рухты азықтандырады. Ешқандай тағам жемей өмір сүру қандай қиын болса, рухани жағынан алғанда ораза ұстамай өмір сүру де соншалықты қиын болмақ. Сондықтан да адамның рухани жетілу тұрғысын мақсат еткен бүкіл діндерде ораза маңызды рөл атқарады. Адамзат баласын кемелдендіру мақсатында жіберілген пайғамбарлар да пайғамбарлық міндеті берілмес бұрын, ораза ұстау арқылы аса қиын міндетке дайындалған.

Сондықтан да Аллаһ тағала тарапынан парыз етілген ораза –дініміздің негізі әрі адам баласын тақуалыққа жетелейтін асыл жолы.

http://desktop.kazansoft.ru


[1] Тирмизи, Дауат, 86; Ибн Мажа, Сиям, 44

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу