Үндеуге қолдау – Халыққа пайдалы іс деген осы

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің барша қа­зақстандықтарға арнаған үндеу­ін жылы жүрекпен қабыл алдық. Ондағы мүбәрак айдың құрме­тіне азық-түлік бағасы арзан­да­тылса, қазақ елі арақ-шараптан өзін аулақ ұстаса деген тілегі кім-кімнің де көңілінен шық­қа­нына сенімдімін. Айтайын дегенім, біз үндеуді қабыл алып, онда айтылғандарды орындауға кірісіп те кеттік. Мәселен, өзім басшылық жасайтын «Ақ желкен» шығармашылық орталығы бүгінде халыққа 10 пайыз же­ңіл­дікпен қызмет етудеміз. Бо­ла­шақта да халыққа пайдалы осындай ұсыныстарды қолдай бермекшіміз.

Қасиетті айда барша қазақ жұртына бірлік-береке, тату тірлік тілеймін. Елдің, жердің аман­дығы мен тыныштығы – бар­ша­­мыз­дың амандығымыз бен бү­тін­дігіміздің кепілі. Жаратқан Ие­міз ұстаған оразамызды қа­был етсін!

Нұрберген ДӘУЛЕТОВ, жеке кәсіпкер, «Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры.

Атырау облысы.

Ақпарат көзі..

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу