«Шардара орталық» мешіті

«Шардара орталық» мешіті.  Шардара ауданы, Шардара қаласы, 2-ші мөлтек ауданындағы Ұзын-ата даңғылының бойына орналасқан. Шардара орталық мешіті 1991 жылы Жұмаділлаев Қалдыбай қария мен мешітке алғаш имам болған Ниязбеков Байбек қажының бастауымен көтерілген. 1993 жылы «43 Монтаж Спецстрой» мекемесінің бастығы Серманизов Құттыбай есімді азамат халыққа мешіт кілтін тапсырды. Ал мешіт жобасын сәулетші Бердешов Амангелді жасаған. Жалпы, мешіт құрылысына жұмсалған қаражат жергілікті халықтан жинап, салынған.

    Аллаһ үйіне 7 баспалдақ арқылы көтеріледі. Мешіттің жалпы көлемі 16 х 28 метр. Ғибадат үйіне жерден фундамет блогы қойылып, Өзбекстан мемлекетінің Янгиюл облысынан алынған піскен қышпен қаланып шыққан. Оның үстіне темір белдеу қойылып, екі арасына ағаштар тасталып, үстіне қамыс төселіп, балшық құйылған. Оның үстіңгі беті ағашпен қайта төселіп, тот баспайтын түнікелермен қапталған.

    Мешіттің биіктігі 15 метр, сырттан ішке кіретін үлкен 3 есік, үш қабатында үлкен он екі терезе бар. Алдыңғы бөлігінде кішігірім бастырма, ішке кіретін кішкентай есік, жаназа келген жағдайда жаназа оқитын орын қамтылған.

        Мешіт іші демеуші арқылы  қазіргі таңда еден астынан жылытатын үлгімен жылыту қондырғылары орнатылған.

    Мешіттің алдында демеушілердің жәрдемімен салынған үлкен бастырма бар. Мешіттің алдынан жалпы ұзындығы 30,5 және одан бөлінген медресе, қарауылхана, имам бөлмесі және есепшінің бөлмесі бастырмасыменен тұрғызылған.  Дәретхана көлемі 19 х 7 м. Оның ішкі кұрылысы дәрет алатын орын, тазалық орын ғұсыл құйынатын орындарымен қамтылған, демеуші арқылы ішкі жылу жүйесі, су жылытатын аристон кондырғысы орнатылған.

    Мешіттің ішкі сипаттамасы: Ортада үлкен зал, оны айнала үш қанат кіші залдар қамтылған, астыңғы қабат үстіменен бірдей сипатта салынған. Зал мен кіші залдың арасында қабырға көтерілген, он екі терезе, үш үлкен есік, төменге кіретін бір есік, имамның намаз оқитын орны – михраб орналасқан. Мешіт ішінде 5 уақыт намазға келуші намазхандарға ҚМДБ – ның сараптауынан өткен кітаптар имандылық бұрышына қойылған. Мешіттің ішкі қабырғасының биіктігі 10 метр.

    Мешіттің сыйымдылығы 1500 орын көлемінде. Жерінің көлемі 3,369 га. Көгалдандыруға бөлінген жерге түрлі жеміс ағаштары, арша, можевельник, қара тал ағаштары отырғызылып көгалдандырылған. Мешіт ауласы сым тор угольникке қапталып қоршалған. Кіре беріс ауласына үлкен темірден істелген темір қақпа орнатылып, мешіт ауласы асфальтталған.  Имандылық айна тақтасы орнатылған. Мешіт бүгінгі таңда  Шардара ауданының орталық мешіті қызметін атқарып келеді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу