Ислам — білім мен парасаттың діні

Қасиетті Құран Кәрімде ғылым-білім туралы 719 жерде айтылады екен. Ислам діні жалпы ғылым мен білімнің, парасаттың діні.
Тарих сахнасына шықаннан бастап ислам өз мамандарын даярлауға үлкен мән берген. Мешіттердің жанынан медреселер ашып отырған. Бұл дәстүр бүгінде елімізде де қайта жалғасын тауып келеді. Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сегіз медресе, бір қарилерді дайындау орталығы жұмыс істейді. Мешіт қасынан медресе ашу ежелгі дәстүр. Кеңестік кезеңде үзіліп қалған бұл бастама, тәуелсіздік алған жылдардан кейін қайта жалғасуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы қадамы арнайы діни білімі жоқ имамдарды қайта даярлау еді. Бүгінде 800 имам қайта даярлау курстарын аяқтаған. 2000-жылдан бастап ұлттық кадрларды даярлау да қолға алынады. Қазір діни басқарманың қарамағында 8 медресе жұмыс істейді.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі:
-Республикамыздың бірнеше жерлерінен біз медересе аштық. Мысалы Орал қаласынан. Бұл енді Орал қаласы Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан өңіріне имамдарды дайындаумен айналысады. Олда өздерінің түлектерін ұшырды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласынан да дәл осындай медресе аштық. Алматы қаласында Әбу Ханифа атындағы үлкен медресе аштық. Бұл республикалық медресе.
Алматы медресесіне Әбу Ханифа есімінің берілуі тегін емес. Бүгінде мұсылмандардың 84 пайызы сүнниттер болса, сол сүнниттердің ішінде 4 мәзһаб, яғни 4 мектеп бар. Қазақ халқы ежелден ұлы ойшыл, ғұлама, имам Ағзам Әбу Ханифа негізін қалаған Ханафи мектебінде.
Данияр Жолдыбаев, Әбу Ханифа медресесі оқу ісінің меңгерушісі:
-Жалпы дайындық курсы қаңтар айынан басталып осы уақытқа дейін дайындалып арнайы ҚМДБ комиссиялары бекітіліп, сол кісілер арнайы пәндер мен қоғамдық пәндерден арнайы емтихандар қабылдады. Сол емтиханның негізінде 23 шәкірт оқуға қабылданды. Екінші курсымызда 19 шәкірт оқиды, үшінші курсымызда 12 шәкірт оқиды.
Пернебек Темірбекұлы осы медреседе бірінші курсты аяқтап, екінші курсқа өткен озат шәкірттің бірі. Дәрісті Каир мен Ташкенттен, Ыстамбұл мен Қазаннан және Мәскеу сынды қалалардан білім алған ұстаздар оқиды.
Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі:
-Құраннан сабақ береді. Хадистерден сабақ береді. Ислам тарихынан, ислам философиясынан. Бұл медреселердің сабақ жүйесі бойынша біздің мемлекеттегі білім беру стандарты басшылыққа алынады. Бұл бойынша 60 пайызы діни сабақтар, 40 пайызы дүниеауи сабақтар. Бұл әлемдік жүйе.
Темірбек Пернебекұлы, Әбу Ханифа медресесінің II курс шәкірті:
-Білім алланың бір сипаты. Білімді адам білу керек. Еліміз өркендеу үшін де, дініміз көркею үшін де, қазақ халқына. Өз дінімді үйренейін деген мақсат.
Діни басқармаға қарасты медреселер оңтүстікте Шымкент пен Сарыағаш қалаларында да жұмыс істейді. Солтүстік өңірді қамту үшін Павлодар қаласында Әбубәкір Сыздық атындағы және Астанада Нұр Астана медреселері ашылған.  Ақпарат көзі: «Хабар»


Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу