Қаттани сайтының администраторы «Алтын қыран» халықтық Сапа белгісіне ие болды

Қаттани сайтының администраторы «Алтын қыран» халықтық Сапа белгісіне ие болды.

“Қыран” аймақтық тұтынушылар лигасы 2006 жылы құрылған. Бұл қоғамдық ұйым негiзiнен Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша тұтынушылардың құқын қорғаумен айналысады. Сонымен бiрге, өз жарғысына қоса мемлекеттiк мекемелердiң, кәсiпорындардың, кәсiпкерлiк нысандардың халыққа сапалы қызметiн, сапалы тауар өндiру мен оның өтiмдiлiгiн анықтау жұмысын да атқарады. Лиганың бес жылдан берi үздiк деп танылғандарына тағайындалған “Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiн беру дәстүрi бар. Бұл сыйлық берiлетiн ұжым жыл бойы қоғамдық комиссияның жұртшылық арасында репрезентациялық сауалнама жүргiзген қорытындысымен айқындалады.

“Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiнiң бүгінгі жеңiмпазы атағына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі сайтының www.kattani.kz администраторы Ұлықбек Алиакбарұлы ие болды. Өткен дүйсенбіде (15.08.2021) бұл сыйлықтың сипатын бiлдiретiн “Алтын қыран” статуясы мен дипломын және сертификатын облыстық сайттың администраторы Ұлықбек Алиакбарұлына аймақтық тұтынушылар лигасының президентi Науатбек Иманбеков табыс еттi.

Бұл құжат технологиялық процестің тұрақтылығы, Қаттани сайтының үнемі даму жолын іздестіруі және шебер басқарылуы арқасында сайттың өнімі, яғни, мақалалары, аудио-видео құжаттары стандарт талаптарына жауап беретінін, сапалы әрі қауіпсіз екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, сайт администраторы «Сайттар ашу қызметі» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Соған қоса «Алтын қыран» статуэткасы Ұлықбекке қоса тапсырылып отыр. Мұндай бағалау сайт администраторын жаңа табыстарға жігерлендіретіні даусыз

Алиакбарұлы Ұлықбек. 1980 жылы ОҚО Созақ ауданы, Жуантөбе совхозында дүниеге келген. 1986 жылы Кентау қаласындағы № 24 қазақ орта мектебіне 1-ші сыныпқа оқуға барып, аталмыш Т.Рысқұлов атындағы № 24 мектепті 1997 жылы бітірген. Бұдан соң Шымкентте бұрынғы Қазақ Кувейт университеті, филология факультетін тәмамдады (1998-2002). Бұдан кейінгі жылдары (2002-2006) Дамаск, Стамбул, Каир қалаларында оқуын жалғастырған.

Елімізге, дінімізге пайдалы болсын деген мақсатта 2008 жылы Дінислам.Кз сайтын ашып, сайты осы күнге дейін басқарып келеді. Бұдан бөлек интернетте араб тілі «http://arabsha.wordpress.com», бала бүргем «http://ulykbek.wordpress.com» секілді жеке блогтұғырларды жүргізіп келеді.

Үйленген, тоғыз баланың әкесі.

Халыққа шынайы қызметке қоғамның берер бiр бағасы дәрежесiндегi бұл құрметтiң облыстық сайтқа көрсетiлуi бекер емес. Аталмыш сайт бiрде-бiр азаматтың діни сауалдарын, қоғамдағы діни ахуалдың назардан тыс қалмауын, сайтты қоғамдық игiлiкке пайдалануын, асыл дініміз Исламның діни уағыз-насихаттарын рухани қазына ретiнде жастардың санасына сiңiрiлуiн ұйымдастыруда айтарлықтай шараларды жүзеге асырып келедi.

Бұл сыйлық Ұ.Алиакбарұлына мұсылмандардың қасиетті айы рамазанда тапсырылды. Облыстық сайттың администраторы “Алтын қыран” халықтық сапа белгiсiн қабылдап тұрып, сөзiнде сайтымыздың дамуына өз белсендiлiктерiмен үлес қосып жүрген мешіт қызметкерлеріне ризалығын бiлдiрдi.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ұлықбек, жеңісіңіз, жетістігіңіз құтты болсын! Шынында да сіздің еңбегіңіз бағалауға тұрарлық! Бір басында бірнеше қабілеті, қасиеті бар адам кемде кем гой. Алла қаласа, бұдан үлкен жетістікке жете берсеңіз екен! Біз әрдайым тілекшіміз!


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Аллаһ ісіңізге береке берсін, аға!


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алла тагала коздеген максатына жеткизсин! Мунымен токтамай асыл динимиздин жолында аянбай кызмет ете бер!


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Жарайсыз Улыеке! Аркашан Жумысыныз шабысты, енбегиниз табысты, Ар-уятыныз намысты болгай!


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Болар елдің баласы ата діннің де ата жұрттың да жағдайын ойлап, осылай тірлік жасау керек-ті. 30 жасында 9 бала тапғызған Ұлығбек қазақтың марқасқасы деуге әбден лайық емес пе?! Алла жолындағы қызметіңнің жемісін осы дүниеде көргенің секілді ақыретте де көруді нәсіп етсін, бауырым!


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламу алейкум! МашаАллаһ, куттыктаймын аға!


  7. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Қуанышыңыз құтты болсын! Дін жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз әрқашанда осылай өз жемісін береберсін. Иншалла қияметтеде Алла Тағала жәннәттің таусылмайтын силықтарымен марапаттасын. Сізге және барша сайт жанашырларына екі дүние жақсылығын тілеймін. Алла әр уақытта жұмыстарыңызға жеңілдігін берсін әмин.


  8. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Жеткен жетистигин кутты болсын, енбегин жемисти болсын, буданда биик асуларды багындыра бер


  9. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламу алайкум! Жақында ғана өзіңмен кезіккенде мұндай жаңалық естімеп едім. Мынау керемет әрі үлгі боларлықтай дүние екен. Аллаһ жеңісіңді жылда арттыра түсіп, ең бастысы ақыретте тек жеңіске жетуіңді нәсіп етсін! Құтты болсын!


  10. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Барлығыңыздың тілектеріңізге рахмет. Сіздерге Алла разы болсын.
    Ұлықбек Алиакбарұлы.


  11. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Жетістігің құтты болсын Ұлықбек! Өзіңдей іскер азаматтар көбейе берсін. Жұмысты да істеп тоғыз баланы да туғызып үлгеріпсің. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қуаныштымыз!


  12. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламуалайкум.Ұлықбек аға Рамазан айы мүбарак болсын.Сізде»Алтын қыран»белгісі көбейе берсін.Дін жолында жасап жатқан жұмыстарыңызға Аллаһ береке берсін.Қазақстанда сіз секілді иманды азаматтар көбейсін.Аллаһ разы болсын.


  13. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алла разы болсын. «Алтын қыран» статуя, диплом және сертификатың құтты болсын. Бұдан да үлкен жетістіктерге жете бер.Тілектеспін.


  14. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Қол жеткізген жетістігің құтты болсын, бауырым! Алла тағалам қуанышыңды ұзағынан сүйіндірсін. Алла жұмысыңның берекесін арттырсын. Еңбегің еселене берсін. Бұдан да көп жетістіктерге жете бер. Ат-Таразилік ахи.

Пікір жазу