Қала әкімдігі ауызашар берді

Өткен сейсенбіде «Қажы ата» дәмханасында Жетісай қаласы әкімдігінің ұжымы ауыз ашар берді. Ауыз ашарға жиналып, дастарханнан дәм татқан жамағатқа ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов қасиетті рамазан айының қадір-қасиеті туралы мәндіде мағыналы насихаттарын айтып, жамағатты бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің биылғы рамазан айына байланысты үндеуінен хабардар етіп, үндеуге үн қосуға шақырды. Ауданға қадірлі ақсақал, ақын Оразқожа Бекахметовтің жүрек жарды тілек-ниеттеріде көпшіліктің ықыласын тудырды.
Қасиетті айда Аллаһқа құлшылық етуді, ауыз ашар беріп, көпщіліктің ризашылығын, батасын алуға ниеттенгендіктерін білдірген Жетісай қаласының әкімі Ж.Бейсенбаев мырза көпшілікті алдағы кезде қала аумағында атқарылар маңызды ісшаралар туралы хабардар етті. Ауыз ашарға қатысқан жамағат айлардың сұлтаны-Рамазан айында тәуелсіз еліміздің болашағының жарқын, халқымыздың амандығын тіледі.

Ә.Сәбиханұлы, Мақтаарал газеті.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу