Қадыр түні

Қадыр түнінің артықшылығы

Қадыр түні – ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен!

Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік.  Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» («Ләйләтул-Қадр» 1-5).

Алла Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» («Духан», 2-5).

Қатада: «Бұл түні, келесі жыл істерінің тағдыры жазылады», – дейді (“Тәфсир әт-Табәри” 25/65).

Ибн Аббас былай айтқан: «Аллаһ Тағала Қадыр түні Құранды толығымен және бірден “сақтаулы тақтадан” (ләухул-махфуз), “Ұлылық үйі” деп аталатын орынға түсірді. Ол жұлдыздар бататын жерде орналасқан. Ал бұдан кейін Алла Құранды Өзінің пайғамбарына (с.ғ.с) Жәбрейіл періште арқылы,  түрлі жағдайларға байланысты, бөлек-бөлек түрде, жиырма үш жыл бойы түсірді» (Қараңыз: “Тәфсир әт-Табәри” 2/144, “әл-Мустәдрак” әл-Хаким 2/530 және “Тәфсир Ибн Кәсир” 4/685).

Әнәс ибн Мәлик былай айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың елшісі (с.ғ.с): “Расында, сендерге бұл ай келді! Онда, мың айдан да артық бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады”, деді» (Ибн Мджаһ 1/289. Сенімділігін  хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз “әс-Силсилә әс-сахиха” 1307).

Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады» (әт-Таялиси 2545, Ибн Хузәйма 2/223. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2205).

Хафиз Ибн Ражаб: «Әй, өзінің өмірін еш пайдасыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадыр түнін қолданамын. Расында, ол түгел өмірге тең!», – деп айтқан. (“Ләтаифул-мә’ариф” 191).

Қадыр түніндегі  құлшылық

Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деді: «Кім Қадыр түнін, иман келтірген және сауапқа үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, алдыңғы күналарының барлығы кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760). Айша пайғамбарымыздан (с.ғ.с) былай сұрағаны хабарланады: «Әй, Алланың елшісі, егер мен Қадыр түнінің келгені туралы білсем, не айтуым керек?». Ол: «Әй,  Алла, расында Сен – кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. мені керіше гөр!”, – деп айт», – деді. (әт-Тирмизи, Ибн Мәджаһ, әл-Хаким. Имам Әбу `Исә әт-Тирмизи, әл-Хаким және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген. Қараңыз:  «Сахих әл-джәми’» 4423).

 

Қадыр түні қашан болады?

Қадыр түнінің нақты датасы жөнінде, ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар.  Алайда,  олардың барлығы Қадыр түні Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылатындығында бірауыздан келіскен. Ол туралы пайғамбар (с.ғ.с) былай деп хабарлаған: «Қадыр түнін, Рамазанның ақырғы оң тақ түндерінің бірінде күтіңдер!» (әл-Бухари 2017, Муслим 1169).

Имам Әбу Иса әт-Тирмизи: «Қадыр түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүргені пайғамбардан (с.ғ.с) жеткен» (Қараңыз “Сунан әт-Тирмизи” 1/372).

Әл-Музәни және Ибн Хузәйма деген имамдар, осы тақырыптағы хабарлардың барлығын жинап: «Қадыр түні әр жыл сайын ауысып тұрады!», деген  (“Сахих Ибн Хузәйма” 3/329). Осы пікірді хафиз Ибн Хажар да қолдап, былай дейді: «Ең дұрыс пікір бойынша, ол (Қадыр түні) Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылады, әрі тақ түнге сай келеді. (“Фатхул-Бәри” 4/326).

Алла елшісі (с.ғ.с) соңғы он түннің бәрінде де құлшылықта болған.  Бұл туралы Айша: «Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алла елшісі (с.ғ.с) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деген (әл-Бухари 2024, Муслим 1174).

Қадыр түнінің белгілері

Убәда ибн Самит Алла елшісі (с.ғ.с) Қадыр түнінің белгілері туралы былай айтқанын жеткізеді: «Қадыр түнінің белгісі –   таза және жарық,  ол түні ай масаттанып (жарқырап) тұрғандай болады. Бұл түні, таң атпайынша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады,  әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді» (“Тәфсир Ибн Кәсир” 4/255).

Бірақ еш күдіксіз, Рамазанның соңғы он түні, ықыласты түрде және дұрыс кейіпте Аллаға  құлшылық еткен әрбір мұсылман, Қадыр түні жасалған құлшылық үшін уәде етілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кеткенін білмей қалған болса да!

Мүсілім Фахир. namys.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Мен жақсылап оқып шықтым мен бұл сауапқа кәміл сенемін Маша Аллах!Аллах разы болсын.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Маша Аллах! Аллах разы болсын.

Пікір жазу