ЗИЯРАТ ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ЗИЯРАТ ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (Әулиелі жерлерді зиярат етудің ережелері мен тәртіптері)

Асыл дінімізде қабыр басына зиярат ету мәселесі дұрыс саналады. Алайда, бүгінде қабыр басына барып, сауап арттырамын деп дінде жоқ амалдарды орындап, адасушылықтарға бой ұрушылықтар байқалуда. Осындай жағдайларды  ескере отырып, буклетте зиярат етудің негізгі әдептері мен ережелері түсінікті түрде беріліп отыр.

Жалпы, зиярат турасында дана халқымызда: «Аш болсаң, базарға, тоқ болсаң, мазарға, өзегің талса, өзен жағала» деген қанатты сөз бар.

Әуелі зиярат етуші адам ниетті дұрыстау қажет. Яғни, ниет бір Аллаһ тағаланың разылығы үшін болуы шарт;

Зиярат кезінде дәрет немесе ғұсыл (бойдәрет) алып шығу дұрыс амалдың қатарына жатады;

Үйден шығарда екі рәкағат сапар намазын оқып шығу мұстахаб (жағымды амал).

Зиярат етудің негізгі мақсаты — тарихи жерлермен танысу, және сол жерде жатқан марқұмдардың ақысына дұға ету болуы керек.

Қабырстанға кірген кезде сәлем беру — мұстахаб.

Мазар ішінде орта жүріспен, жәй жүрген жөн.

Қабырды сипаудан, сүюден, айналудан (тауаф етуден) сақтану қажет. Қабырды сүю, қолмен сипау, көзге сүрту, т.б. амалдар жасау өзге діндегілердің ұстанатын мәселесі болып табылады.

Қабыр басында «Ясин» немесе басқа да Құран аяттарын оқып, марқұм болғандарға сауабын бағыштаған жөн.

Қабыр үстін баспау керек. Өткені, қабыр үсті — мәйіттің ақысы. Екі қабырдың ортасынан өтерде тәкбир, тасбих, тахлил, дұға ету ләзім.

Дүниеден өткен марқұмдардың өмірдегі жақсы амалдары мен жасаған жақсылықтарын еске алу — сүннет. Бұл өте сауапты амалдардың бірі.

Құран бағыштауда құбыла тарапқа қарап оқыған жөн.

Дұға — тілекті тек бір Аллаһ тағаладан тілеу парыз. Яғни, мазар басына барып, сол жерде жатқан әруақтардан тілеуге болмайды. Барлық тілек пен дұғаның өтеуін Аллаһ тағала ғана береді.

Қабырге қарап дәрет сындырудан, түкіруден, т.б. жағымсыз іс-әрекеттен аулақ болу керек.

Қабырстанның ішінде ғайбат сөз айтудан, боғауыз сөздерден тиылу қажет.

Зиярат орындарында темекі, насыбай, ішімдіктер қолданудан сақ болу керек.

Кесенелер мен мазарларға оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу – марқұмға деген құрметтің бір түрі.

Әулиелі жерлерде түнеу мәселесі —  дінде көрсетілмеген.

Перзент тілеу мақсатында әулиелі жерлерге бару қандай да бір шартқа жатпайды. Перзентті беруші тек қана  Аллаһ тағала.

Мазарға қарап намаз оқудан мүмкіндігінше сақтанған жөн.

Мазарға барып, қабыр жанында құрбандық шалуға болмайды.

Қабыр немесе кесенелердің төрт бұрышына шамшырақ жағу – діндегі тыйым салынған амалдардың бірі.

Зиярат жасаушы әйел кісілер (қыз баласы) басына орамал, денесіне жабық киім кигені жөн.

Зиярат ету барысында көпшілікке діни уағыз айту — жақсы амалдардың қатарынан саналады.

Қабыр басына қымбат тастар, күмбез орнату — ысырап. Ең дұрысы, зиярат жасауға кететін қаражатты жетімдер үйіне немесе жоқ-жітіктерге берудің сауабы жоғары екенін түсінген жөн.

Құлпытастар, мүсіндер орнату, тастарға марқұмның суретін салдыру — дінге қайшы.

Қабірдың жанындағы өсіп тұрған ағаштарға шүберек, мата байлау — макруһ тахрима (харамға жақын амал).

Мазар басында жылап-сықтау – макруһ (макруһ –ұнамсыз амал болып саналады).

Қабыр басында дауыс көтеруден, әзілдесуден сақтану керек.

Аллаһ ниеттерімізді қабыл етсін, Әмин!

Дайындаған: Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасаөз хатшысы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , ,

Пікір жазу