Б.Мырзагелдиев — Айт күндерінде жасалатын амалдар

1. Айт күндерін ғибадатпен өткізу.
Айтқа өтер түннің өзіне тән артықшылығы бар. Оны бүтіндей немесе бір бөлігін Құран оқумен, зікір, тасбих және нәпіл намаздармен өткізу.
Абу Умама р.а. риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз, Кімде кім айт түндерін Алладан сауап үмітінде құлшылықпен өткізсе, жүректер өлетін күнде оның жүрегі өлмес»,-деді.

2. Айт намазы үшін ғұсыл алу.
Ислам пәктік діні. Пайғамбарымыз хадисінде «Тазалық иманның жартысы» деді. Сондай-ақ ғибадаттан бұрын көпшілік жиналатын жерлерге барудан алдын ғұсыл алу дінімізде анық айтылған.
Инб Аббас р.а. риуаят қылады, Расулуллаһ с.а.с. Айт күні ғұсыл құйынатын еді дейді.

3. Тістерді мисуакпен немесе тіс пасталарымен тазалау.
Тісті тазалауға Ислам дініндей мән берген бірде бір дін жоқ. Пайғамбарымыз: Егер үмметіме қиын боп қалуынан қорықпағанымда, оларды әр намаздың алдында мисуак қолдануға бұйырған болар едім деді.

4. Айт үшін таза киім кию.
Мұсылман кісі айтқа ең жақсы киімдерін киюі, мүмкіндігі болса жаңа киім сатып алуы мустахаб. Бұл да, Аллаһ мейрам етіп берген күнді тойлау, оны қадірлеу болып есептеледі. Бұл іс пайғамбарымыздың с.а.с. сүндеттерінен.
Ибн Аббас р.а. айтады: «Пайғамбарымыз с.а.с. екі айтта хибара шапан киетін еді».
Сол дәуірде йеменде өнер дамыған еді. Йемен киімдері ең жақсы киім болып есептелер еді. Пайғамбарымыз с.а.с. жұма және екі айт күндерінде хұтпаға шыққанда Йеменнен әкелінген хибара шапандарды киіп алатын еді.

5.Иіс сулар себіну.
Бұл іс Пайғамбырымыз с.а.с. сүннеті. Жамағаттың ортасына кірерде иіс су сеуіп алу әдеп амалдарынан болып, көп қолайсыздықтың алдын алады.

6. Намазға шығудан алдын тағам жеп шығу.
Рамазан айтында, намазға шығудан алдын тағам жеп алу, Рамазан айтының әдептерінен саналады. Бұл әрекет рамазан оразасының біткендігін еске салады. Сол тағам кепкен немесе сулы жеміс болғаны жақсы.
Анастан р.а. риуаят етіледі:
«Пайғамбарымыз с.а.с. Фитр күні бірнеше құрма жемей намазға шықпайтын еді. Тойып жейтін еді». Бұхари, Тирмизи.

Б.Мырзагелдиев

ҚМДБ-ның ОҚО боынша өкіл имамы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу