ЗЕКЕТ ҚОРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Жуырда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының арнайы Зекет Қоры құрылғаны белгілі. Қоғамдағы маңызды әлеуметтік және рухани мәселелерді шешуге барша халықты жұмылдыру мақсатымен құрылған Зекет Қоры өз қызметінде заманауи технологияларды белсенді түрде қолдануды көздейді.

Осы орайда, Зекет Қорына қаражат аударуды жеңілдету бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Атап айтсақ, ендігі таңда, жеке және заңды тұлғалар Зекет қорының есеп-шотына банк арқылы қаржы аударумен қатар, ОСМП (Qiwi) төлем терминалдары арқылы да зекет пен садақаларын бере алады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде мұндай терминалдардың 20 мыңнан астамы орнатылған. Кез келген сауда орталықтарынан, дүкендерден, көшелерден т.б. табуға болады.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап Билайн операторының абоненттері «2011» номеріне хабарлама (мәтінсіз) жіберу арқылы да Зекет қорына қолдау көрсете алады. Әр хабарламаның құны 200 теңге.

www.zeket.org.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу