Қағба (Құбыла) – Жер бетіндегі ең ежелгі ғимарат

Қағба – куб формасында келген, ешбір зәулім үйлер мен сарайлар тең келмейтін, тарихта ауыз толтырып айтарлықтай орны бар ежелгі ғимарат. Қағбаға дүниенің әр бұрышындағы мұсылман күніне бес мәрте жүзін бұрып, намазға жығылады. Осылайша жалғасып келе жатқанына, Мұхаммед пайғамбардың с.а.с. заманынан бері шамамен 1400 жыл өтті. Қағбаның қазіргі таңдағы ұзындығы 12,05 метр. Сыртынан есептегендегі ауданы 191 м2. Ішкі жағынан 13х9, дуалдарының қалыңдығы 1 м. Тауаф[1]қылынатын жерден еденінің биіктігі 2,2 м. Төбесі мен шатыры шірімейтін стальден жасалған. Дуалдары тастан қаланған. Бұл ғимарат Адам а.с., заманында салынып Ибраһим а.с., Исмаил а.с., және Мұхаммед с.а.с. пайғамбарлар заманында қайта жөнделді. Мұндай құрметке Жер бетінде еш бір ғимарат еге болған емес. Дегенмен Қағбаның салынуы, құрылысы жайында білетін адамдардың саны санаулы ғана.Қағбаның басқа да есімдері:

Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді. Және куб дегенде мағынасы бар. Сонымен бірге «Байтуль Ъитқ», яғни, «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам» яғни «Қасиетті үй» деген мағына береді.
Қағба 12 рет қайта жөнделіп салынды:

Ғалымдар мен тарихшылар Қағбаның 5-тен 12 мәртеге дейін қайта салынғандығын айтады. Қағбаны ең бірінші қайта салған Адам а.с. пайғамбар. Ибраһим а.с. пайғамбар заманындағы Қағбаның өлшемі: солтүстік қабырғасы-14,80м. Хатим жағындағы дуалы-10м. Қара тас пен Йемен бұрышының арасы 9,15м. Батыс жағы 14,2м. Демек Мұхаммед с.а.с. пайғамбар заманына дейін Қағба бірнеше рет қайта салынған.

Қағбаны Құрайыштардың жөндеуі:

Мұхаммед с.а.с. пайғамбарға пайғамбарлық түспей тұрып, Қағбаның жөнделуіне қатысқан. Меккеде қатты жауыннан сел болып, Қағбаға біршама зиянын тигізеді. Осыған байланысты Қағбаға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады. Қағбаны жөндеу жұмысы құрайыштардың төрт тайпасына тапсырылып, оның ішінде Мұхаммед с.а.с. пайғамбарда қатынасады.

Қағбаның қабырғаларының ісі біткен соң, кезек Қағбаның шығыс жақ бұрышына «хажаруль әсуад» яғни қара тасты қоюға келеді. Бірақ тайпалар арасында келіспеушілік пайда болып, «қара тасты кім қояды?» деген сұрақ пайда болды. Келіспеушілік ушығып бара жатқанда, Меккенің ескі тұрғыны Абу Умайя «Таңертең мешіттің дарбазасынан бірінші кім кірсе, мәселені сол шешсін»,-деген ұсыныс айтты. Ертеңіне мешіт дарбазасынан бірінші болып Мұхаммед с.а.с. кірді. Меккеліктер: «Бұл Мұхаммед қой» с.а.с. «әл-Амин» (ең сенімді, жалған сөйлемейтін) деп қуанысып, айқайлап жіберді. Мұхаммед с.а.с. оларға жақындап келгенде, олар келісе алмай жатқан мәселелерін шешіп беруін өтінді. Сонда Мұхаммед с.а.с. жерге шапан төсеп, үстіне қара тасты қойып, төрт шетінен, төрт тайпаның басшыларына ұстатып Қағбаға жақындап, қара тасты Қағбаның қабырғасына қойды.

Құрайыштардың құрылыс заттарының жетпеуіне байлансты Қағбаның формасы Ибраһим а.с. пайғамбар заманындағыдан өзгеше, яғни, куб формасында болып қайта жөнделді. Қағбаның сыртқы жағында қалған бөлігі қазір Хатим деп аталады.

Пайғамбар с.а.с. заманынан кейін Абдулла ибн аз-Зубайрдің Қағбаны жөндеуі:

64 һижри жылы (683 жыл) Мухаррам айында Сириялықтардың әскері Қағбаны қиратты. Дегенмен келесі қажылыққа дейін Абдулла ибн аз-Зубайр Қағбаны қайта жөндеп салды. Абдулла ибн аз-Зубайр Қағбаны Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың көргеніндей, яғни, Ибраһим а.с. пайғамбардың салғанындай етіп жөндегісі келді.

Абдулла ибн аз-Зубайрдің айтуынша: Айша анамыз Пайғамбарымыздың с.а.с. былай дегенін естіген: «Қағбаның дуалын көтерер едім. Тағыда екі есік істеп қояр едім, бірінен кіріп, екіншісінен шығу үшін». Ибн аз-Зубайр: «Қазір мен (Пайғамбар с.а.с. айтқандай етіп) істей аламын, және мен адамдардың сөз-пікірлерінен қорықпаймын»,-деген.

Жоғарыда айтылғандай, аз-Зубайр Қағбаны Ибраһим а.с. пайғамбар салғандай етіп, қайта салды. Қағба шатырының астына үш тіреу қойды. Және екі есік қойдырды. Пайғамбарымыз с.а.с. қалағандай біреуі шығыс, екіншісі батыс жағында болды. Хатимді[2]де Қағбаға қосып салды. Сонымен бірге аз-Зубайр мынадай өзгерістер жасады:

-  Қағбаның шатырынан, жарық түсуі үшін кішкене терезе орнатты.

-  Қағба есігін жерге дейін төмендетті және бір есік істетті.

-  Қағбаның биіктігін 4 м. көтерді. Осылайша биіктігі 9 м. болды.

-  Қабырға  қалыңдығы 90 см. болды.

-  Қағба ішіндегі Құрайыштардың қойған 6 тіреуінің орнына 3 тіреу қойды.

Құрылыс уақытында, аз-Зубайр Қағбаның айналысына 4 қада қойып, айналасын жауып қойды да, жөндеу жұмыстары біткен соң ашты. Дегенмен адамдар тауаф жасай берді.

Қағба Абдул Малик бин Маруан заманында:

74 һижри жылы (693 жыл)  Қағба Абдул Малик бин Маруан халифалығы тұсында, әл-Хаджай Юсуф әл-Тағафи есімді тиран аз-Зубайрдың Қағбаны қайта жөндеген жерлерін бұзып тастады да, Қағбаны құрайыштар заманындағыдай етіп қойды.

Ол мынадай өзгерістер жасады:

-  Қағбаның көлемін бүгінгі күнгі формасындай етіп кішірейтті.

-  Хатимді бөлек етіп қойды.

-  Қағбаның бастыс жағындағы есігін (есіктің іздері әлі күнге дейін білінеді) бекітті. Шығыс жағындағы есікті қалдырды.

-  Хатимді қоршап тұрған қабырғаны бұзды.

-  Қағбаның ішінде аз-Зубайрдің жасатқан ағаш тепшегін бұздырды.

-  Есіктің ұзындығын 2,25 метрге кішірейтті.

Абдул Малик бин Маруан Умраға келгенде, «Пайғамбарымыздың с.а.с. Қағба өзінің бұрынғы фомасындай болса екен деп қалағандығы» жайындағы хадисті естіді. Аз-Зубайрдің Қағбаны қайта жөндеп салған жерлерін бұздырғандығына өкінді.

Имам Маликтің халифа Харун ар-Рашидке айтқан кеңесі:

Халифа Харун ар-Рашид Қағбаны, Пайғамбарымыз с.а.с. қалағандай етіп, яғни, аз-Зубайрдің Қағбаны жөндегіндей, қайта жөндемекші болады. Халифа имам Маликпен кеңескен уақытта, имам халифаға бұл ісінен қайтуын өтінді. Себебі, Қағба мұсылман басшыларының қолында ойыншық болмауы керек деді. Харун ар-Рашид осы сөзге құлақ салып, ниетінен қайтты. Қағбаны Абдул Малик бин Маруан салдырған формасында қалдырды. Осылайша 1000 жылға жуық заман өтседе, Қағба өзгерместен (кейбір майда жөндеу жұмыстарын есептемегенде) келеді.

Сұлтан Мұрат Хан заманындағы Қағбаның реконструкциясы:

1039 һижри жылы (1629 жыл) шаъбан айының 19 күні қатты жаңбыр жауып, сел болады. Селден жиналған судың деңгейі 3 метрге дейін, яғни, су Қағбаның қабырғасының жартысына дейін көтерілді. Бейсенбі 20 шаъбан күні Қағбаның шығыс және батыс дуалдары құлады. Су азайған уақытта, 21 шаъбан күні Қағбаны қайта жөндеу басталды. Абдулла ибн аз-Зубайр заманындағыдай Қағбаның төрт шетіне қадалар қағылып, матамен қоршап жабылды. Қара тас қойылған қабырғадан басқалары құлатылды. Құрылыс 26 рамазан күні басталды.

Сұлтан Мұрат Ханның басшылығымен салынған Қағбаның формасы Абдул Малик ибн Маруан заманындағы Қағба формасындай болды.

1377 һижри жылы (1957 жыл) 28 ражаб күні, бір тарихшы Қағбаның тастарын санады. Әр түрлі формадағы тастар саны 1614 болды. Дегенмен ішкі жағындағы тастар ескерілмеді.

Қағбаның 1996 жылы қайта жөнделуі:

Сұлтан Мұрат Хан заманынан 400 жыл өтен соң, Қағбаның күрделі жөнделуі 1996 жылы мамыр – қазан айларында болды. Жөндеу барысында Қағбаның тастарынан басқа нәрселердің барлығы, шатырда алынды.

Қағбаның ішінде не бар?

Солтүстік Америка Ислам қоғамының президенті, доктор Музаммил Сиддиқ, 1998 жылы Қағбаның ішіне кіріп, кейін Қағбаның ішін былайша сипаттап берді:

-  Ішінде екі тіреу бар (басқалар үш тіреу барын айтады).

-  Бір заттар қою үшін бір стол бар.

-  Төбесіне екі шам орнатылған.

-  Электр жарығы жоқ.

-  Қабырға мен еден мрамордан жасалған.

-  Терезелер жоқ.

-  Жоғарғы және ішкі қабырғалар шаһада[3]жазылған маталармен қапталған.

Аударып, дайындаған: Ұ.Алиакбарұлы


[1]Қағбаны 7 рет айналу тауаф деп аталады. Сөзбе-сөз мағынасы да айналу.

[2]Қазіргі таңда, Қағбаның жанындағы жарты домалақ дуал

[3] яғни «Лә Иләһә Иллаллаһ, Мухаммадур Расулуллаһ» кәлимасы жазылған.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу