Бас Мүфти «Нәзір Төреқұлов» медалімен марапатталды

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың 2011 жылғы 1 шілдедегі №08-1-1-1/303 бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін «Нәзір Төреқұлов» медалімен марапатталды.

Медалбды ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілі Игорь Мусалимов Діни басқармаға келіп, Бас мүфтиге салтанатты түрде табыс етті.

Ұшырасу соңында Дінбасы қадірменді қонаққа өзінің орыс тілінде шыққан «Ислам — религия мира и созидания» және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» атты кітаптарын сыйлады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу