Балгерлер жайлы (пәтуә)

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

ПӘТУӘ

Балгерлер жайлы

Сұрақ: Кейбір адамдар дерттеріне шипа, сол сияқты т.б. мақсаттармен құмалақшы, балгер, тәуіптерге барып жатады. Ол жайлы дініміз не дейді?

Жауап: Бисмиллаһир Рахманир Рахим.

Күллі әлемнің Иесі, барлығын әдемі жаратылыста жаратқан, тура жолын көрсеткен Алла Тағалаға мақтаулар болсын. Бүкіл әлемге рахмет етіп жіберілген пайғамбарлар Сардары Мұхаммедке (с.ғ.с), оның отбасына және сахабаларына, барша үй ішіне Алланың сәлемі және салауаты болсын.

Құрметті бауырлар!

Құмалақ ашушы балгерлер, тәуіптер Ібілістің жамағатынан саналады. Ой-өресі таяз, иманы әлсіздер ғана. Оларға баратындар саналы мұсылманға барлық жақсылықты Алладан ғана сұрау, Құран аяттарын оқып жүру қажет. Себебі Құран Кәрімде шипа бар. Бұл жайлы Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Біз, Құранды шипа, мүміндерге рахмет етіп түсірдік», — деген («Исра» сүресі, 82).

Олай болса балгерлік, көріпкелдік, құмалақ ашу күпірлік. Сондықтан оларға баруға болмайды. Балгер, құмалақшы, көріпкел т.б. олар Ібілістің достары. Қасиетті Құран Кәрімде: «Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәһарға түседі»,- делінген («Шұғара» сүресі, 221-222 аят). «Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыбайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, серік қосушылардан боласыңдар»,- делінген («Әнғам» сүресі, 121-аят).

Яғни уаһи Алладан түседі. Жоғарыда уаһи деп айтып жатқандары шайтаннан келген хабар. Сондай-ақ иманы әлсіздер: «олар (көріпкел және т.б.) ғайыпты біледі, ғайыптан хабар беріп жатыр»,- дейді. Бұл не дегені?

Әй, мұсылман бауырларым! Алла субханаһу Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Көктегі және жердегі құпияны Алладан басқа ешкім білмейді. Халайық қашан тірілетінін де білмейді», — деген («Нәміл» сүресі, 65-аят).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жамағатты балгер, көріпкел, құмалақ ашатын және сол сияқтыларға барудан қайтарған. Кімде-кім ондай адамдарға барып, олардың ісін дұрыс десе, діннен шығып, кәпір болады. Сенбегеннің өзінде барғаны үшін қырық күндік ғибадаты қабыл болмайды. «Шайтан адамдардың арасына от салуды қалайды»,- деген («Мәида» сүресі, 91-аят).

Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Барша адам баласының серігі (шайтаны) бар», — деді. Сахабалар: «Ия, Расулуллаһ Сізде де бар ма?» — деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с): «Менде де бар еді. Аллаһ Тағала мені одан сақтады. Сөйтіп мен одан аман қалдым»- деп жауап берді.

Өз кезінде емшілік жасайтын атақты бір әйел тексерілді. Қараса ол әйел аяғының астына қасиетті Құран кітабын қойып алыпты. Сөйтсе ол шайтаннан тәлім алған екен. Шайтан лағынет күпірлікті қалайды. Алла Тағала бізді мұндай жамандықтан сақтасын.

ҚМДБ-ның шариғат, пәтуә

және мешіт істері бөлімінің                                              Мухаммад Хусейн

меңгерушісі, Наиб Мүфти                                                      қажы Алсабеков

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , , ,

Пікір жазу