Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру (қажылықтың үшінші уәжібі)

Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру (қажылықтың үшінші уәжібі)

Сағи (араб тілінде) – шапшаң жүру, жүгіру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш реет қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару – бір рет, Мәруадан Сафаға қайтып келу – тағы бір рет болып есептеледі. Сафа мен Мәруаның арасында сағи ету – қажылық уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 158-аятында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышандарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», – деп сағидің маңыздылығын білдірген.

Қажылық үшін жасалған сағи – қадум яки зиярат тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады. Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан кейін дереу жасау – шарт болмағанымен өте маңызды сүннет.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу