Сағидің дұрыс орындалу шарттары

1. Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажылық ғибадатын атқарушыға айттың алғашқы күнінен бұрын ихрамнан шығуына болмайды. Егер қажылық үшін жасалатын сағиді Арафатта тұрудан бұрын жасаса, ихраммен жасаған болады. Ал Арафаттан қайтқаннан кейін шайтанға тас лақтырып, құрбан шалғаннан соң жасаса, ихрамнан шығып та жасауына болады. Умра үшін істелетін сағиді ихрамнан шықпай тұрып жасау – уәжіп. Умра тауабын орындап, сағиді жасамастан шашын алып немесе қысқартқан жағдайда ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ умра сағиін ихрамнан шықпай тұрып жасау – уәжіп болғандықтан, жаза өтейді.

2. Қажылық үшін істелетін сағидің қажылық айларында жасалуы.

3. Дұрыс орындалған тауаптан кейін жасалуы. Дұрыс орындалған тауап – жүніп, хайыз, нифас күйінде жасалмаған тауап.

4. Тауаптағы жеті айналымның кем дегенде төртеуінің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі жасалмай қалған әр айналым үшін жаза ретінде садақа беру керек.

5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу