Ақпан деп қақпанға түсіп қалмайық, «Валентин деген – аты да, заты да санамызды, қалтамызды қағатын қақпан»

Әғузубилләһи  минаш шайтанир ражим. Бисмиллаһир – рахмнир – Рахим.

بسم الله الرحمن الرحيم إن الحمد لله ، نحمده ، و نستعينه ، و نستغفره ، و نعوذ بالله من شرور أنفسنا و من سيئات أعمالنا، من يهده الله فلا مضل له ، و من يضلل فلا هادي له ، و أشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له ، و أشهد أن محمدا عبده و رسوله، صلى الله عليه و على آله و أصحابه أجمعين أما بعد:

Бүкіл  мадақ  Аллаһ  Тағалаға  тән. Біз Аллаһты  мақтаймыз, Одан  жәрдем  тілейміз  және  кешірім  сұраймыз,  нәфсіміздің  және  жаман  істеріміздің  зұлымдығынан  Аллаһқа  сыйынамыз. Аллаһ  кімді тура жолға салса,  оны  ешкім  адастыра  алмайды, ал Ол кімді  адастырса,  ешкім  оны  тура  жолға  сала  алмайды. Ғибадатқа  лайық  Аллаһтан басқа құдай жоқтығына куәлік беремін және Мухаммад صلى الله عليه و سلم Оның  құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

Ақпан деп қақпанға түсіп қалмайық

Пайғамбарымыз Мухаммед (саллалаһу алайһи уассалам) хадисінде:

“Өздерiңе қалаған нәрсенi мұсылман бауырыңа да қаламай, сiздердiң бiрiңiзде ақиқат иман келтiрген бола алмайсыздар.”

Хадис шариф Адам баласы қоғамда өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен, имандылық және қайырымдылығымен, адалдық және әдiлеттiлiгiмен ардақталады. Ал, адамгершiлiк қасиеттер адам баласының қимыл-әрекетiнен, айналасындағы жұртпен жасаған қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, әдiлеттiлiк пен зұлымдық, ар мен ождан адамның iс-әрекетiмен өлшенедi. Бұларды адам бойына жастайынан мiнез-құлық ережесi етiп қалыптастыру, жастарды имандылық пен инабаттылыққа, кiшiпейiлдiлiк пен iзеттiлiкке тәрбиелеу ата-ана, қоғам басшыларының бiрiншi мiндетi. Адамгершiлiк қасиеттiң өзектi мәселесi – пәктiк, мiнез-құлық тазалығы, адал мiнездiлiк. Аллаһ Тағала Қасиеттi Құран Кәримнiң көп жерiнде пәктiк, мiнез-құлықтың тазалығын сақтаған ер, әйелдердi жәннат пен сүйiншiлеп, ар-намыс, адал мiнездiлiктен бас тартып, зинақорлықпен айналысқандарды тозақ азабымен ескертедi. Пәктiк, адал мiнездiлiгiн сақтаған адам қашанда ел арасында абыройлы болып, Жаратушысының разылығына қол жеткiзген. Керiсiнше, ар-намыстан жұрдай болып, мiнез-құлығын көрсеқызар, зинақорлықпен қаралаған пенде айыпталғанға лайық болып, Тәңiрi үшiн ең жеккөрiнiштi жанға айналған.

Валентин деген атыда затыда санамызды қалтамызды қағатын қақпан.

Елімізге келгеніне 14-15 жыл болған Валентин күні әртүрлі жарнамалармен ғащықтар күні деп силықтар жасап кейбір мекемелерде кейбір ақпарат құралдары әртүрлі жағымсыз сайыстар өткізіп  жастардың қалтасын қағып санасын улап жатыр. Бұл күндері Кения, Колумбия қалаларына 1мллен Раушан гүліне тапсырыс беріледі екен. Мереке күндері Колумбиялық гүл өсірушілер жылдық табысының 30 %  процентіне ие болады екен. Осылайша кейбіреулердің бизнес жоспары ғашықтар күні деген желеумен бүкіл әлемге таралып жатыр. Осы күні американдықтар 108 млен тал Раушан гүлін сатып алса,тек қана кәмпиттің өзіне 692 млен доллор жұмсайды екен. Яғный ебін тапқандар екі асап жатса  ал оған май шелпек болып алданғандар, алдамшы сезімнің соңында кетіп өз өмірлерініңде алдамшы болып жатқанын сезбей қалады. Негізінде қарындастарымызға қыздарымызға ұлдарымызғ айтарымыз, бұл күнді тойлау шариғат бойынш харам. Бұл амалдар дінге қайшы амалдар ал бұл амалдар ата дініміздің  жойылуына апарып соғады, сонымен қатар  біздің ұлттық санамыздың жойылып кетуіне де үлкен әсері бар сол себептен бұл күнді тойлау шариғат бойынша харам. Әрбір өзін мұсылманмбыз деп санаған отбасы, гүл силағанда не тұр деп бұл күні қызыңызды немесе ұлыңызды не болмаса бірге істейтін біреуді құтықтап жүрмеңіз, себебі бұл құтықтау, сіз өз қызыңызды немесе ұлыңызды не болмаса туысыңызды, біреумен зина істейтін күнің құтты болсын деген мағынаны береді. Бұл күн жастардың не болмаса басқалардың көшеде немесе бір мекемелерде сүйісуден және басқада сол сияқты сорақы істермен айналысатын күн. Ал шариғатта бұл амал зина, үлкен күна болып саналады. Зина дегеніміз, некесіз ер мен әйелдің жақындасуы, сол сияқты бөтен ермен әйелдің сүйісуіде зинаға жатады. Аллаһ Тағала құранда:

(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Аллаһ, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30) Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31) Нұр сүресі 31-32 ші аят.

Аллаһ Тағала құранда: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол. (Зинаға жұуымаңдар: “Соған бейімделетін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар!”,- деген Исра сүресі (32)-аят.

«Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын. (2) Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды. (3) Нұр сүресі 2-3 ші аят.

Пайғамбарымыз Мухаммед (саллалаһу алайһи уассалам) хадисінде:

“Үш адам бар. Қиямет күнi Аллаһ Тағала олармен сөйлеспейдi. Оларды есiне алмайды, тiптi назарында салмайды. Олар үшiн қатты азап бар. Бiрiншiсi – зинақор, көрсе қызар қарт, халқына жалған сөйлейтiн патша және менменсiнген кедей бишара.” Хадистi Әбу һурайрадан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят еттi Исламда зинақорлық Аллаһ Тағалаға серiк қосу, iшкiлiк iшу, ұрлық жасау, жалған сөйлеу сияқты ауыр күнәлар қатарына жатады. Зинақорлықтың адамзатқа тигiзер зияны көп. Соның бiрi – отбасын бұзуы.

Валентин мерекесі қазақта немесе мұсылмандарда жоқ. Бұл мереке бірінші рет Алматыда 1994 жылы тойланған. Бұл мереке мұсылмандарды рухани азғындыкка ұшырату үшін жіберген батыстың әрекеті, жастарды исламнан бездірудің жолы.

Осы күндері өзіне қол салып жатқан жағдайлар көп кездесуде, бұл іс біздің ұлттық санамызда жоқ, ал исламда үлкен күна болып саналады. Валентин күні елімізге бостан- бос  келген жоқ деп ойлаймын. Бұның астарында талай нәрселер жатыр, біздің ұлттық идиологиямызға, мемлекетімізге іріткі салу үшін істелініп жатқан нәрсе деп түсінемін. Валентин деген жігіт католик дінінен шыққан, бірақ сол католик дінінде жүріп жасырын үйленгені үшін жазасын алған адам. Бұл іс қазақты некесіздікке яғни зинаға үйретудің бір жолы.

Аллаһ Тағала құранда:

Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы- мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар. (57) Майда сүресі 57 ші аят.

Валнтин күнінің шығу тарихы ежелгі Рим халқынан шыққан көп құдайшылдардың  мерекесі. Римдиктерде 14-ші ақпан  жер құдайына арналған мереке болған. Сол мерекеде әйелдер өз аттарын жазған қағазды бір қорапқа тастайтын болған, ал ер кісілер сол қораптан аты жазылған қағазды алып сол әйелді өзіне силық ретінде қабылдайтын болған. Ал бұл мәселе ұрпақтың бұзылуына  апаратын исламда зина деп аталатын үлкен күна. Ал исламда әйел дәрежесі жоғары қойылған, ананың разылығын алмайынша жаннатқада кіре алмайтындығы айтылған.

Тағы бір дерекке қарайтын болсақ христян дінінің алғашқы тарқап жатқан уақытында христян дінінің бірнеше қызметкерлері болған, солардың ішінде валентин атты бір христян болған. Валентин Рим императоры Клавди-2 тұсында  өмір сүрген дейді. Сол кездері жас жігіттер әскери қызметтен бас тарту үшін үйленіп алатын болған. Мұндай айланы тыю үшін Рим императоры Клавди-2 әскери қызметін өтемей жатып үйленуге тиым салған, Ал валентин болса оларды құпия түрде некелестіретін болған. Осылайша билікке қарсы шыққан валентиннің басы 14-ші ақпан күні шабылады. Кейіннен 469 шы жылы Римнің Геласиус деген императоры көпқұдайшылдардың мерекесі 14-ші ақпанды әулие валентин күні деп жариялайды.

Пайғамбарымыз Мухаммед (саллалаһу алайһи уассалам) хадисінде:

«Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христяндардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар, кесірткенің ініне кірсе сендерде оларға ілесе кетесіңдер» — деген. Бухари мен Муслим жеткізген.

Аллаһ Тағала құранда:

«Сіздерден християндар еврейлерде разы болмайды, қай уақытта сендерден разы болады, өздерінің соңынан ергенде ғана разы болады дейді» Бақара сүресі.

Аллаһ Тағала құранда:

Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады. (36) Исра сүресі 36 шы аят.

Міне дәл әзір сондай уақыт болып тұр, дұрыспа дұрыс емеспе бұл нәрсеге қарапжатқан ешбір пенде жоқ.

Пайғамбарымыз Мухаммед (саллалаһу алайһи уассалам) хадисінде:

Кім қайсы қауымға ұқсаса ол солардан болады деген, яғный христянға ұқсаса ол солардың дініне өткен халде, ахіретте тіріледі дейді.

Елімізде жыл сайын 200 мың аборт (түсік) жасалынады екен бұл ресми тіркелгені ал тіркелмегені қаншама десеңізші. Олардың көбі осындай зинаға шақыратын мерекенің кесірінен емес екендігіне кім кепіл.

Ал бұған ата-аналар қалай қарар екен. Кейбір ата-аналар бұл жайғана мереке ғой мұнда тұрған не бар деп ойлайды. Жоқ мүлдем ондай емес, бұл мерекелердің жарнамаларының өзіақ жастарды ашықтан ашық зинаға шақырып тұр, сонда жастарымызға, балашағамызға зина жасап жатқандарың құтты болсын демекпізбе. Сонда біздің қазақтың, мұсылмандардың, мемлекетіміздің өзімізге тән мәдениетіміз, мерекеміз болмағаныма.

Біз неге соншалықты өзге батыстан келіп жатқан, ұлттық санамызға жат батысың мерекесіне, мәдениетіне құмармыз. Біздің өз мерекеміз өз мәдениетіміз бар. Ежелден ислам дінін берік ұстап келе жатқан ұлы халықтың біріміз. Мәдениетті бізден мұсылмандардан үйренсін. Біз кешегі бүкіл әлемге танымалы, бүкіл әлем кітаптарын өз тіліне аударып оқып жатқан Абайдың ұрпағымыз. Бізден Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабай, Ыбрай Алтынсарин, сынды даналар шыққан. Кешегі орыс халқың  әдебиетшісі Толстой құрмет тұтқан Шәкәрім Құдайбердінің жолын жалғастырушымыз.

Аллаһ Тағала құранда:

Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар. Бақара(149)

Біз зинаға рұқсат берген валентинді қалайшв әулие деп санамақпыз. Бұл мерекелер бізді ата дінімзден  бездіру болып саналады. Ақпан айының  қақпанына түсіп үйіңіәзге перзентіңіздің некесіз бала әкеп тұрмасына кім кепіл, бұл елімізге келген пәлекет бұдан сақтанайық ағайын.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Осыған дейін ғашықтар күнін тойлағанда не тұр, осы қазақ ұшқырта береді деп ойлаушы ем. Оның үстне ол күн өзіме де ұнайтын, ерекше сезім күтетінмін. Қазір келтірілген құран сүрелерінен енді түсінгендеймін мәнін. Рахмет діни дәлел келтіріп, түсінкті етіп жазғандарыңызға. Тек алдыңғы оқырманға қосыламын қателеріңізге мән беріңіздер.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Осы күннің сорақылығы жайлы жақсы-жақсы пікірлер мен хадистерден, Құран аяттарынан жақсы дәлелдер келтіріліпті. Ол үшін АЛЛА сіздерге разы болсын! Алайда мақаладағы орфографиялық қателіктер тым көп екен. Жалғыз тақырыптың өзі: «Валентин деген — аты да, заты да санамызды, қалтамызды қағатын қақпан» деген түрде болу керек еді. Мәтіндегі қателіктер де жетіп артарлық. Рухани, діни тұрғыдан жақсы, әрі қажетті сайт болғандықтан, осындай мәселелерге ұқыптылықпен назар аударылса екен деймін. Рахмет.

Пікір жазу