Сағи уәжіптері мен сүннеттері

Сағи уәжіптері

1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен жасауларына болады.

2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға бару – бір шаут, Мәруадан Сафаға кері қайту – бір шаут)

Сағи сүннеттері

Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері бар. Бұл сүннеттерді орындау – үлкен сауапты іс. Бірақ істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.

1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап намазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.

2. Сағиді дәретпен жасау

3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі болатындай нәжіс болмау

4. Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру

5. Әр жүгірісте Сафа және Мәруаның Қағба көрінетіндей жеріне шығу

6. Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау Тәкбір дегеніміз:{ أللهُ كْبَرُ } «Аллаһу әкбар» деп айту, ал, таһлил болса:

}لا إلَهَ إلاَّاللهُُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ, لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَي كًلِّ شَيْءٍ قََََََََََدِيرُ{

«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу ла шәрика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуаала кулли шайин қадир» – деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Олжалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік оныкі және күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді».

7. Ер кісілердің Сафа мен Мәруа жолында жасыл белгілер орналастырылған екі діңгектің арасында адымдарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері, бұған «һәруалә» делінеді. Әйелдер һәруалә жасамайды.

8. Сағи жасау кезінде тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу