ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТӘРТІПТІ ҚАЖЫЛАР

Сауд Арабия қажылылық министрлігінің айтуынша әлемдегі ең тәртіпті әрі ұйымшыл – қытайлық қажылар екен.  Биыл бұл елден қажылық парызын өтейтіндер 14 мыңды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен. Әсіресе ауылды жерлерден баратындардың қатары  көбейе түскен. Солардың бірі Нұһ ақсақал 60 жаста. Құс өсірумен айналысатын шаруа өмірінде өз ауылынан алысқа шығып көрмепті. Ең ұзап шыққаны аудан орталығындағы базарға барып, құстарына жем алған. Мектепке да бармаған ақсақал арифметикаклық бірнеше амалды ғана үйренген. Онда да қожалығында есеп-қисапты жүргізу үшін ғана.

«Мен қажылыққа бару мақсатында жеті жыл бойы ақша жинадым. Осы аралықта ұлымды үйлендіріп, қызымды ұзатып та үлгердім. Енді артыма қарайламай, алаңсыз бесінші парызымды өтеуге үлкен мүмкіндік туып тұр» деді қытайлық қажы Әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында.

Нұһ ақсақалмен бірге тағы 13 ауылдасы да қажылық сапарына аттанып кетті. 1955 жылдан бері ел үкіметі мұсылмандарға қажылыққа баруына рұқсат берген болатын.  http://www.muftiyat.kz/index.php?newsid=4922

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Қытайлық қажылардан Алла разы болсын. Нендей жақсы өнеге.

Пікір жазу