Шаш алу немесе қысқарту

Шаш алу немесе қысқарту (қажылықтың төртінші уәжібі)

Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен қысқарту – қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, тырнақтарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер…»[1],– дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп риуаят жасады: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып құрбан шалды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал» – деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат етті. Сосын оны адамдарға бере бастады»[2]. Шашты түгелдей ұстарамен алғызу – қайшымен қысқартудан абзал. Әйелдердің шаштарын тықырлап алғызулары мәкрүһ. Шаштарының ұшынан кішкене қысқартса жеткілікті.

Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында[3] алғызу немесе қысқарту – уәжіп. Харам аумағынан басқа жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде құрбан шалынады.

Шаш алғызудың, қысқартудың мөлшері қанша?

Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет атқарылған болып, ихрамнан шығады.



[1] Хаж 22/29.

[2] Муслим, Хаж, 323(1305).

[3] Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға және аңдарына, жалпы

жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және

оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу