Байқоңырда Құрбан айт мерекесінің қарсаңында алғашқы мешіт ашылды

Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы мешіт ашылды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.  «Мешіттің Құрбан айт мерекесінің қарсаңында ашылып отырғаны қуантады», — деп мәлім етті ашылу рәсімінде Қазақстанның бас мүфтиі шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы мешіттердің көбейіп келе жатқанын айтты. «90-шы жылдары небәрі 68 болса, қазір олардың саны 2,5 мыңнан асады. Мешіттер үнемі руханилықтың, адамгершілік пен қайырымжылықтың ордасы болатын», — деді ол.

Мешіт үйі үшін ғарыш айлағына кіретін жерге жақын ыңғайлы орын берілді. Кешенге 400 орындық мешіт ғимараты, биіктігі 24 метр екі мұнара, кітапхана, асхана, шаруашылық құрылыстар кіреді.

Жаңа мешіт асар әдісімен 2008 жылы салына бастады. Оны мердігерлік құрылыс ұйымдары салды, ал оларға қала кәсіпорындары қолдау көрсетті. Мешіттің құрылысын «Возрождение» қайырымдылық қоры байқоңырлық кәсіпорындардың, Роскосмос құрылмдарының, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың қаржысына басқарды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының бюджетінен де қаржы бөлінді.

Жобаның сметалық құны Т180 млн. Ақпарат көзі…

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу