Оралда Құрбан айтқа байланысты балаларға қайырымдылық түстігі ұйымдастырылды

Құрбан айтқа байланысты кеше Орал қаласындағы №2 балалар үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілері үшін «Үміт» Орал өңірі әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық түстігін ұйымдастырды.«Бота» қоғамдық қорының қолдауымен «Наурыз» мейрамханасында дастархан жайылды. Мейрамхана иесі Ғалым Наурызбаев балаларды Құрбан айтпен құттықтаса, студент Нұрғаным Халесова шараны жүргізіп қана қоймай, оралдық әнші Болат Өтешевпен бірге ән салды. Балалар барлық ойындар мен байқауларға белсене қатысып, өз уақыттарын қызықты өткізді. Бүгін — Құрбан айттың соңғы күні. Өңірде осындай қайырымдылық шаралары жалғасуда.  ҚазАқпарат /Елжан Ералы/

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу