«MEGA Alma-Ata» сауда-ойын орталығында «ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰРБАН АЙТ!» игі шарасы өткізілді

Ұлық әрі ұлттық мереке Құрбан айт Республикамыздың әр өңірінде өзінше тойланды. Ал 06.11.2021 ж. Алматы қаласындағы «MEGA Alma-Ata» сауда-ойын орталығында «Қоғамдық «Құрбан» Қайырымдылық қоры» мен «ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ» ұйымдастыруымен «Қош келдің, Құрбан айт!» атты ұлттық сипаттағы мерекелік және қайырымдылық іс-шараның орны ерекше деп атап өтуге болады. VIII ғасырдан бері қазақ даласында тойланып келе жатқан дәстүрлі мейрамды жаңаша жаңғырту мақсатын алға тартқан ұйымдастырушылар игі бастаманың алғашқы бөлімінде (күндізгі сағат: 12:00-14:00 аралығы) «MEGA Alma-Ata» сауда-ойын орталығына келуші жұртшылыққа арнап сырттағы 6 қанатты киіз үйдің жанынан ақ дастарқан жайды. Мәзірде «Құрбан айт» мерекесінің символы атанып кеткен бауырсақ (35 кг.), тандыр наны (10 дана), қазақтың ұлттық сусындарынан қымыз (30 литр) бен шұбат (30 литр), сондай-ақ, құрт пен ірімшік (4 кг.) болды. Екі сағатқа созылған қайырымдылық шараға жиналған жұрттың санында шек жоқ. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысқан промоутерлер қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, кешкісін жалғасатын мерекелік шараға арналған шақыру қағаздарын, сондай-ақ, өзге де жақындарын, туған-туыс, бауырларын, достарын «Құрбан айтпен» құттықтау үшін ұлттық нақыштағы ашықхаттарды таратып, балаларға әуе шарларын сыйлады. Сағат: 12:00-ден кешкі 20:00-ге дейін сырттағы игі шарамен бірге «MEGA Alma-Ata» орталығының 2-қабатында да ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме өтіп жатты. Қызығушылық білдірушілер ұлттық нақыштармен өрнектелген дүниелерді көріп, көзайым болды.

 

Ал кешкі сағат: 19:00-де өткен мерекелік бастаманы тамашалауға жиналған көпшіліктің саны күндізгімен салыстырғанда анағұрлым көп болды. Кеш жүргізушілері балаларға арналған тұңғыш спутниктік «Балапан» телеарнасындағы «Алақай, балақай!» бағдарламасының және «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Екі жұлдыз» жобасының жүргізушісі Тахир Сұлтан мен елімізге белгілі «Сөз тимесін» КТК-ның ойыншысы Нұрмахан Мұханұлы «MEGAAlma-Ata» қонақтарын үйіріп, ауыздарына қарата білді.Бағдарламада «Құрбан айт» тақырыбындағы «Қызықты викториналар», «Ұлттық пазлдар», сонымен қатар, «Арқан тартыс», «Сөз мерген», сынды ұлттық дәстүріміз бен салтымыздың шеңберіндегі интеллектуалдық және спорт ойындары ойналды. Думанды кеште «Серілер» тобы, Индира Расылхан, Меруерт Түсіпбаева, «Қоңыр» тобы, «Асыл» тобы, Мэлс Сағатұлы, «Асу» тобы, Ілияс Байбосыновсынды өнер жұлдыздары мерекелік әндері мен шығармаларынан шашу шашты. Ойын барысында сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға арналған түрлі деңгейдегі 500-ден астам сыйлықтар таратылды. Мерекелік іс-шарабалаларға шаттық сыйлап, ата-аналар мен көрермендердітәнті етті.

Кеш соңында жүргізушілер игі бастаманың өтуіне тікелей себепші болған «Қоғамдық «Құрбан» қайырымдылық қоры» мен «ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫНА», сондай-ақ, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқандары үшін «Fattah finance», «Fattah education» және «Fattah travel» компанияларына алғыс білдіріп, сауапты шараны аяқтады.

 

Табира Бекмырзаева «ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ» сату жөніндегі менеджері

Ақпарат көзі: http://www.muftiyat.kz/index.php?newsid=4975

 

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу