Қожа Ахмет Яссауидың қолжазбасы 20 жылдан бері Көкшетау мұражайында жатыпты

«Диуани Хикметтің» көне көшірмесі Көкшетаудан табылды! Ұлы ойшыл, ұлы далаға ислам дінін таратқан ғұлама Қожа Ахмет Яссауидың даналық сөздер қолжазбасы соңғы 20 жыл бойы облыстық әдебиет және өнер мұражайында сақталып келген екен. Бірақ  бұл еңбектің қаншалықты маңызды жәдігер екенін ешкім білмеген. Шамамен 15 ғасырда шағатай тілінде жазылған 90 беттік жинақ осы күнге дейін көне Құран кәрім есебінде саналса керек. Теңдесі жоқ тарихи жәдігерді КТК телеарнасының тілшісі Айзат Тұрғынбекқызы да алғашқылардың бірі болып парақтап көрді. 

Осыдан 20 жыл бұрын Көкшетауда әдебиет және өнер мұражайы ашылғанда қызметкерлер халықтан құнды жәдігерлер жинастыруға кіріскен. Сол кезде Айыртау өңірінің бір тұрғыны бір сандық көне құрандарды табыс етіпті. Арасында шағатай тілінде жазылған Яссауи хикметтері жатқанын бүгінге дейін ешкім білмеген. Мұражайдағы кітаптарды аударып-төңкеріп жүргенде, құнды жәдігерді Астанадан келген шығыстанушы ғалымдар байқап қалыпты.

Нұрбек Нұралин, Ақмола облыстық әдебиет және өнер мұражайының директоры:

- Содан жабулы қазан жабулы күйінде қалған. Осы кітапты алып бармаған жерім жоқ. Ғылым академиясына дейін бардым, Түркітану институтымен хабарластым. Бұл кітаптың Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері екені дәлелденді.

Шамамен 15-16-шы ғасырларда жазылған жәдігердің осы күнге дейін сиясы өшпей жақсы сақталған. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында Яссауи өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды. Тіршілікте тартқан азабын, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынап, бұл фәнидің жалған екендігін осы хикметтерінде айтып кеткен. Сондай-ақ онда қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер көп. Қазір тарихи жәдігер Астанада тәржімаланып жатыр. Шағатай тілінен оны қазақшаға аударумен он шақты маман айналысуда.

Ерболат Баят, Ақмола облыстық әдебиет және өнер мұражайының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл шағатай тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Бұл біздің қазақтың жазба әдеби тіліне өте жақын тіл болып есептеледі. Толық тәржімаланып,  баспа бетінде жарық көргенде ғалымдар да сараптайды. Осы қолжазбаның үлкен тарихи маңызы, мәні толық ашылады деп ойлаймын.

Кітапты тәржімалауға қажетті 30 мың АҚШ долларын төлемек болып  көмек қолын ұсынған жанашыр да табылды. Қолжазбаның аударма нұсқасы кітап болып алдағы жылы басылып шығуға тиіс.

http://ktk.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Маған барлығы ұнады рахмет.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    «Диуани Хикмет» — тарихи және әдеби көне мұраларымыздың бірі.Елімізден көшірмесі табылып, аударылып жатқаны қуанышты хабар. Дегенмен, аударманың тілі, көркемдік ерекшеліктері алдыңғы аудармалардан өзгешелігі болады ма екен? Әлде, осыған дейін бізге жеткен нұсқалармен сәйкестік бола жатса сол нұсқалардың аудармаларымен сәйкестендіріледі ме деген сурақтар мазалайтыны айқын. Жалпы айтарым, көне мұраларымыздың зерттеліп, халыққа жол таба берсе екен.

Пікір жазу