Шетелдегі беделі жоқ медреселерден тәлім алғанша Қазақстандағы оқу орындарына түскен жөн

Бас мүфтидің пайымдауынша, шетелдегі беделі жоқ медреселерден тәлім алғанша Қазақстандағы оқу орындарына түскен жөн.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумында айтты.

«Кейбір жастарымыз шетелге беделі жоқ медресесымақтарға барып жатады. Яғни, олар таудың қуысында ма, әлде құм арасында ма, әйтеуір беделі жоқ оқу орындарына барады. Олардың беделі қандай болса, білім беру жағдайы да белгілі»,-деді Бас мүфти.

«Өзімізде университет пен медресе аштық. Осында оқысын. Стипендиядан қиналып, ата-аналарын сағынып жүргенше өзіміздің елде оқыған дұрыс. Кімнен кем біздің елдің оқу орындары»,-деп түйіндеді басқарма төрағасы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу