Үлкен күнәлар кітабы — Аллаһқа серік қосу, Рия – амалды адамдар көрсін деп істеу, Кібір- менмендік, мақтану, тәкаппарлық

1. Ширк – Аллаһқа серік қосу.

Ширк — 2 түрге бөлінеді:  Үлкен және кіші ширк.

Үлкен ширк — Аллаһқа бір нәрсені, бір затты серік қылу. Аллаһпен қоса тас, бұт, ағаш…  сияқты нәрселерге ғибадат қылу. Бұл үлкен күнәлардың ең үлкені. Аят: «расында  Аллаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, одан басқа күнәны  қалағанына кешіреді». (Ниса 48). Ширк бұл үлкен зұлымдық. Аят: «Серік қосу үлкен зұлымдық». (Лұқман 13). Яғни пенде өзіне өзі зұлымдық қылып тозаққа кіреді. Кім Аллаһқа серік қосса, ол адам жәннатқа кірмейді. Аят: «Кім Аллаһқа серік қосса, Аллаһ оған жаннатты харам етеді, оның орны тозақ, зұлым қылушыларға ешқандай жәрдем жоқ». (Маида 72). Пайғамбарымыз а.с: «сіздерге ең үлкен күнәларды айтайынба?-деді. Аллаһқа серік қосу…»-деді. (Ширктің түрлері көп оларды білу үшін «Ширктің түрлері» кітабынан пайдаланыңыздар).

2. Рия – амалды адамдар көрсін деп істеу.

Аллаһ Мұнафық (екіжүзділер) туралы хабар беріп: «Олар адамдарға рия қылады»- дейді. Яғни олар намазды Аллаһ үшін емес, адамдар үшін  мақтануға оқиды. Аят: «Расында екіжүзділер Аллаһты алдамақшы болады. Бірақ Аллаһ оларды алдап қояды және олар қашан намаз оқыса жалқаулықпен, адамдар көрсін деп тұрады, Аллаһты өте аз еске алады». (Ниса 142). Екі жүзді мұнафықтар адамдар мені мақтасын деп абырой табу үшін амал қылады. Ол амал қабыл болмайды, егер мешіт салып, қажылыққа барса да.  Пайғамбар. а.с. айтады: «Рияның азы да ширк». Пайғамбар.а.с.: «сіздердің кіші ширкке түсіп қалуларыңыздан қорқамын. -Олар: кіші ширк не?- деді. -Ол: Рия»,- деді. Пайғамбар. а.с. айтады: «Көп ораза ұстайтындар бар олардың оразасынан пайда жоқ, тек аш қалады. Түнде (тахажуд) намаз оқитындар бар, намазынан пайда жоқ, тек ұйқысыз түнде өткізгені ғана қалады»-деді. (Табарани). Яғни олар рия үшін істейді. Фудайл: «адамдар үшін бір амалды тастау (тоқтату) ол — рия, адамдар үшін бір амалды істеу ол- ширк», -деді.

3. Кібір- менмендік, мақтану, тәкаппарлық

Мақтаншақ, менмендік қылатын кісіні Аллаһ жаман көреді. Аят: «Расында Аллаһ кібірі барларды жақсы көрмейді». (Нахыл 23) Яғни хақ айтылғанда оған құлақ аспай, мойынсынуға тәкаппарлық қылғандарды Аллаһ жақсы көрмейді. Аят: «Адамдардан тәкаппарлықпен бетіңді бұрма және жерде тәкаппарланып жүрме, өйткені Аллаһ тәкаппар, мақтаншақтарды жақсы көрмейді» (Лұқман 18). Пайғамбарымыз а.с: Сіздерден алдын өмір  сүргендерден бірі тәкәппарлық киіммен (шалбарлары) сүйретіліп жүрген еді, оны жер жұтты. Ол қияметке дейін жер астына кіріп кете береді. (Бухари, Насаи). «Кімнің жүрегенде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, ол жәннатқа кірмейді». «Сіздерге тозаққа түсетіндер туралы айтайын ба?- деді,Олар: Иә айтыңыз, — қопал жақсылықтардан тосатын тәкаппарлар,- деді. (Бухари, Муслим). Ең бірінші күнә тәкаппарлықпен болған, яғни, «Ібіліс тәкаппарлық қылып, Адам а.с.-ға сәжде қылмады». (Бақара 34). Жәннаттан қуылып тозақы болды. Тәкаппарлықтың ең жаманы – білімі болғандықтан өзін басқалардан артық қоятын адам.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассалаумагалейкум курметти жамагат. коптен бери армандап журген исимнин бир НАМАЗ еди. Аягозде туратын ага апкелер болса кол ушын берулеринизди сураймын. намаз окыгым келеди. рахмет


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ассаламуалейкум уа рахматуллах мухтарам айгайын бауырлар Менин сиздерге айтарым Билимди суракты Интернеттен койып сурап билим алманыздар адасу жолына алып келуи абден мумкин ИншаАллах билимди мешиттен Китаптан алганымыз абзал


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ассалаумаагалейкум сайттагы ага апкелер мен намаз окыгым келеды бирак калай кайтип кай кезде кай аят айтылады сон билмейм егер жургинде иманы бар адам болса [email protected] га дружба тастап маган акыл уйретсе дейм

Пікір жазу