Жаңа Зеландияда Ислам пәні оқытылмақ

Қазіргі кездегі Исламның әлемдегі орны мен елде оған деген қызығушылықтың артуына байланысты Окленд университетінің басшылығы келесі жылдан бастап оқу бағдарламасына исламтану курсын енгізуге шешім қабылдады. Аталмыш курсты бітірген студенттер бакалавр дәрежесі бойынша теология мамандығын игеріп шықпақ.

Жалпы бұған дейін осы оқу орнын бітірген теолог мамандар христиан діні аясында ғана білім алатын. Енді Исламға қызығушылық танытқан студенттер де Окленд университетінің теология факультетіне қабылданбақ.

«Ислам құндылықтарын үйрету әлемдік деңгейдегі кез келген университеттің негізгі пәні болып табылады. Өйткені Ислам әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ, оның бүгінгі саясатта да орны ерекше», – деп Ислам ғылымдары кафедрасының жетекшісі доктор Заин Әли аталған игі іске қатысты өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, ол жаңадан ашылатын курста теология және философия ғылымдарының дамуы, Ислам тарихы мен қасиетті Құранның тәпсірі оқытылатынын ескеріп, студенттер аудиториясының ауқымды боларына сенімді. Сондай-ақ, Ислам және демократия, Исламдағы әйел орны және ислами құқық негіздері сынды дәрістер де курс студенттерінің қызығушылығын оятары анық.

Дайындаған Еламан Қоңыров. «Ислам және Өркениет».

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу