Үлкен күнәлар кітабы – Зорлық, алдау, ойланбау

4. Зорлық зомбылық жасау

Аят: «адамдарға зұлымдық қылытын, жерде нахақ, зорлық, тәкаппарлық қылатын адамдардың жазасы өте күшті, қорқынышты азап болады». (Шора 42).

Яғни адамдардың жандарына, малдарына, абыройына зұлымдық қылатындар тозаққа кіреді. Пайғамбарымыз а.с. хадисінде: «адамдарға зорлық қылу және туыстарымен араны үзген адамға Аллаһ бұл дүниеде де ақыретте де жаза дайындап қойған». (Ибн Мажа, Термизи, Хаким). Харунның жер жұтуының себебі: Ол Перғауынның қызметшісі болып Бану исраилға зұлымдық қылған, сондықтанда оны жер жұтты дейді. (Мауарди).

5. Айла қылу-алдау

Аят: «негізінде  айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады..». (Фатыр43). «Екіжүзді мұнафықтар Аллаһты алдамақшы болады, негізінде Аллаһ оларды алдауға ұшыратады…» (Ниса 142).

Мұсылман момын болады, біреуді аладап айла қылу оның ойына келмейді. Пасық имансыз, адамдар арасында бұзықтық таратып жүретін өтірікші болады. Пайғамбарымыз а.с: «Өтірікші, міндет қылушы, сараң жәннатқа кірмейді. (Термизи). «Айла қылушы адам қор болады» (Термизи, Абу Дауд). Мұсылмандар кәпірлермен қарсыласқанда, соғысқа шықса айла істеуге болады. «соғыс айламен болады». (хадис)

6. Аллаһтың  айласынан көңіл тоқ болу (ойланбау).

Аят: «Сондай-ақ Аллаһтық мәкірінен (қаһарынан айласынан) аман бола ала ма? Аллаһтың мәкірінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды». (7:99) Яғни Аллаһтың жолында жүріп сауап істерді істеп жәннат амалын қылып жүріп, тозақтан қорықпау, ол туралы ойланбау, бұл Аллаһтың мәкірінен қорықпауға жатады. Өйткені біздің жүрегіміз Аллаһтың қолында жүрегімізді өзгертіп жіберіп тозақ амалын қылдырып қоюы ол мүмкін болған нәрсе.

Сондықтан да Пайғамбарымыз а.с: «Ей жүректерді өзгертіп тұрушы Аллаһ менің жүрегімді дінде мықты тұратындардан қыл»- деп  дұға қылатын еді.(Термизи). «Бір адам өмір бойы жәннат амалын істеп жүр еді, өмірінің соңында бір тозақ амалын істеп сонымен тозаққа кетеді». (Бухари, Муслим). Сондықтанда істеп жатқан амалымыздың соңы не болатындығын білмей, онымен қуанып мақтанбауымыз керек.

фото: www.mr7.ru

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , ,

Пікір жазу