БҰЛ ГАЗЕТ – ИСЛАМНЫҢ АЛТЫН КІЛТІ

Әр басылымның өз оқырманы бар. Мәселен, бір ғана Шымкент қаласының өзінде 300-ден астам басылым тарайды екен. Кейбіреулер «Бұл неғылған көп газет?» деп таңдануы мүмкін. Егер саналы түрде ойланып қарайтын болсақ, газеттің көптігі — халықтың рухани бай қазынасын көрсетеді. Өйткені, әр басылымның өзіндік көзі, құлағы һәм тілі болатыны белгілі.

Бір Германияда 152 театр жұмыс істейді. Ал біздің Алматы мен Астана қалаларында саусақпен санарлық қана театр бар. Батыстың өркениетті елдері мәдени ошақтарының дамуына неге бұлайша қатты көңіл бөлуде? Өйткені, олар рухани қазынаның алтын кілті қайда жатқанын жақсы біледі. Бұл кілтпен халықтың ұлттық, діни, мәдени құндылықтарының алтын сандығын оп-оңай аша бересің. Міне, «Ислам және өркениет» газеті — исламның алтын сандығын ашатын сондай алтын кілттердің бірі. Егер әрбір адам осы газетті оқып, онда жазылған түйткілді мақалаларды ойына түйіп, тілінің ұшымен емес, жүрегінің ішімен сезіне білсе, ол алтын сандықтағы үлкен байлыққа кенеледі.

Бүгінгі таңда батыстың көп-теген белгілі адамдары исламды қабылдауда. Жак Кусто, Мұхаммед Әли, Лев Толстой… айта берсе көп. Осы адамдардың бәрі исламның жалғыз ақиқат дін екенін сіздердің газеттеріңіз секілді басылымдардан оқып білгені аян. Құран мен хадис-терді оқып отырып, асыл дініміздің қай бұйрығы мен тыйымы да адам-ды имандылыққа тәрбиелейтінін көресің. Міне, осы құндылықтардың бәрін жамағатқа жеткізуде «Ислам және өркениет» газеті — бірден-бір қажетті әрі маңызды бұқаралық ақпарат құралы. Оны бір оқыған адам екінші қайтара оқу үшін іздеп тұратын болды.

Қазіргі күні газеттеріңіз жолға түскен жорғадай, өз соқпағын тауып, халқына қызмет етіп келеді. Тек бір саланың ғана емес, жалпы ел тұрғындарының ықыласына бөленген «Ислам және өркениет» — менің де сүйіп оқитын газеттерімнің бірі. Бірнеше жылдан бері осы басылымнан ислам жайлы мағлұматтар алып, діни сауатымды толықтырып келем. Жалпы Кеңес одағында тәрбиеленіп шыққан еліміздің қай-қай адамына болсын, бұл газет — шөлдегенге сусын. Сондықтан, өткен 10 жылда атқарған еңбектеріңізді алдағы уақытта бұдан да еселеп, халықтың алғысына кенеле беріңіздер дегім келеді.

Ақпарат көзі: http://www.muftiyat.kz/index.php?newsid=3046

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу