Бәйдібек ауданы: ҚАСИЕТТІ КҮНІ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті құранда «сендер Алланың дініне көмектесіндер. Алла да сендерге көмектеседі» дейді. Жер-жерлерде демеушілік жасап, мешіт тұрғызып жатқан азаматтар Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жатыр деуге әбден болады. Ауданымызда тәуелсіздік алғалы жиырма жылдың ішінде бірнеше ауылдарда жаңа мешіттер тұрғызылды. Мұндай игілікті істерге жұртшылық куә.

Қасиетті құрбан айт мерекесінде Алғабас ауыл округінің орталығы Шақпақ ауылында жаңа мешіт ашылды. Имандылық үйін тұрғызған кәсіпкер Момбеков Нұрғали осы ауылда туып-өскен азамат. Қазір Алматы қаласында тұрады. Былтырғы жылы құрылысы басталған мешіт құрбан айт мерекесінде пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу салтанатында ауданның «Құрметті Азаматы» Ә.Шардарбеков, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қонысбеков, зейнеткерлер Ә.Сәрсенов, Е.Байсариев, тағы басқалар шығып сөйлеп, елді мекеннің ортасынан Алланың үйін тұрғызған ауыл түлегі Н.Момбековке жұртшылық атынан алғыстарын білдірді.

Игілікті шарадан соң, құран оқылып, ас берілді. «Алғабас газеті»

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу