Дін беделін түсіруге емес, абыройын асыруға жұмыс істейік!

Жуырда «7 арна» еліміздегі мешіттердің атына ауыр сындар айтып, дін қызметкерлерін нысанасына алған болатын. Өзім Елордамыздағы «Нұр Астана» мешітінің тұрақты жамағаты болғандықтан, бұл көрініске бейжай қарай алмай, өз пікірімді білдіруді ұйғардым.
Жалпы қара халықтың сәбидей сенгіш келетінін ескерсек, арнадан көрсетілгендер тек мешіт емес, жалпы Ислам хақында теріс пікір қалыптастыруға жеткілікті болары сөзсіз. Онсыз да әлем бойынша асыл дінімізге күйе жаққысы келіп әрекеттеніп жүргендер аз емес. Сондай теріс пиғылды іс-әрекеттерге біздің елден де үн қосушылар табылғаны өкінішті-ақ. Жау жағадан алғанда бөрі етектен демекші, ел арасына лаң салып, іріткі тудырған бүлікшілермен қалай күресеміз деп жүргенде, ішімізден пікіріміз үндеспейтін адамдардың шыққаны жаныма қатты батты.
Айта кетер тағы бір жайт, осы күнге дейін ешқандай орыстілді БАҚ-тың поптарды, шіркеулерді сынап, оның кіріс-шығысын есептегенін естімеппін. Яғни оларда шіркеу сынды құлшылық үйінің құнын түсіретін ақпар тарату әдепке жатпайтын дүние болса керек.
Бір-бірімізді аңдып ас ішкеннен еш пайда жоқ. Ендеше «7 арна», қалың қазақтың бірі ретінде сіздерден мешіт-медреселердің мәртебесін түсіруге емес, абыройын асыруға жұмыс істеулеріңізді сұраймын. Дәл осылай дін, діл және ұлттық құндылық аясында күш біріктірсек, жау үшін алынбас қамал, бұзылмас қорған болар едік.

 Е.Ноғайұлы, Астана қаласы. www.islam-orkeniet.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Алла разы болсын!

Пікір жазу