Дінбасы — ӨМІРДЕРЕК

Дербісәлі Әбсаттар (15.09.2021 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында туылған) — шығыстанушы, дін-танушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969), 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым академиясы Москва Шығыстану институтында біліккер, аспирант болған. 1975-1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб Республикасы университеттерінде біліктілік арттырудан өтті. 1976- 1977 жылдары ҚР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ  мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986-1988 жылдары Шығыстаиу факулыетінің деканы, 1991-1997 жылдары Тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997—2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының III және IV Құрылтайларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, 2000 жылдың тамызында Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV—V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.

1977 жылы «Араб және Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғыл. жетекші — проф. Ю.Н.Завадовский) кандидаттық, 1998 жылы Ш-ХХ  ғдағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1989 жылы профессор, 1995 жылы ҚР Жоғары Мектеп ҒА-ның акадсмигі, Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Багдад (Ирак), Сана және Аден (Йемен), Мекиее (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Индия), Пешавар (Пәкстан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Йорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе — 1989, 2000, 2004, Александрия — 1992, Сеул — 1995, Мадрид — 1996, Дели, Кашмир — 1999, Берлин — 2002, Каир — 2003, Афины — 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент — 2000, Доха — 2001) қатысып баяндамалар жасады. ҚР  Халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО ҒА Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық ҒА-ның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөліміпің төрағасы болды. КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік Комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984 ж.) марапатталған. ҚазМУ-дың Әбу Нәсір әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республикамыздың мемлекеттік 10 университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Араб тілі» ғылым академиясының (Каир) академигі.

Ә.Дербісәлі республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Ол алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да араб бөлімі мен шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды. Оның басшылығымен республикамызда түңғыш рет үрдү, парсы, түрік, қытай, жапон, кәріс тілдері мен әдебиеті мамандықтары ашылып, кафедралары ұйымдастырылды. Сөйтіп республика өте зәру шыгыстану ғылыми саласының ұлттық мамандарын даярлауға белсене ат салысты, яғни ол Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінс қызмет етті.

Ә.Дербісәлінің қаламынан араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлері мен мәдениетінің мәселелері, сыртқы Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланыс, ол жұрттың ой дүниесі мен Ислам тарихы, қасиетті Құран, пайғамбарымыздың хадис шәріптері туралы 400-ден астам теориялық және практикалық мәні бар ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер туған. Араб тілді Марокко әдебиетінің түтас тарихын жазып шықты. Ол тек КСРО ғана емес, сол елдің өзінде де жазылған жоқ еді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде туындатқан, еңбектері әлем кітапханалары мен қолжазба қорларында шашырап кеткен даламыздың X—XVIII ғасырларда өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бурһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмүт әл-Фараби, үш Кердери, үш Сайрами (Исфиджаби), жеті Түркістани, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыри, Махмүт Тарази, Гийас ад-Дин Женди, Хусам ад-Дин Сығнақи және т.б. барлығы 50- ге жуық ғалымдар мен ойшылдарын тауып, еңбектерін ғылыми айналымға енгізді. Олар жайлы шығыстану және филология факультеттерінде дәрістер оқыды. Студенттер мен  магистрлердің диплом жұмыстарына басшылық етті. Ә.Дербісәлінің жетекшілігімен докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашғария (1994), Пәкстан (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тапты. Құлпытасының эпитапиясын шешті. Берлин және Қашғар қолжазбасы бойынша ғұламаның «Жаһаннаме» атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады. Ол жайлы бірқатар зерттеулерін жариялады.

Сондай-ақ ол Нұр-Мубәрәк Египет Ислам мөдениеті университетін, Имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтын, қасиетті Құранды мәнерлеп оқу бойынша республикалық тұңғыш конкурсты, рамазан айында Алматының орталық мешітінен қазақ теледидары арқылы қадір түнін насихаттау секілді тағы да басқа көптеген діни-руханият, діни ағартушылық шараларын ұйымдастырды.

2003 жылы қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлеріиің тұңғыш съезін өткізуге үлкен үлес қосты.

Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстанда араб тілі мен өдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 жылы Египет Араб Республикасының 1-дәрежелі «Ғылым және өнер» өрденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мөдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы «Парасат» өрденімен және 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. 2005 жылы 7 қарашада оған Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының, ал 7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының қөрметті азаматы атағы берілді. Ол Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы, дінаралық  түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарып келеді.

Ә.Дербісәлінің басты еңбектері: «Шыңырау бқлақтар» (зерттеулер мен мақалалар) . «Жазушы», А., 19X1; «Араб әдебиеті. Классикалық дәуір». «Мектеп», А., 1982; «Арабоязычная литература Марокко». Изд. «Наука», А., 1983; «Литература Марокко». Изд. «Наука», М., 1993 (телеавторлары С.В.Прожогина, О.А.Власова); «Қазақ даласының жұлдыздары». Тарихи-филологиялық зерттеу. «Рауан», А., 1995; «Мұхаммед Хайдар Дулати». Өмірбаяндық библиографиялық анықтамалық. А., 1999; «Ислам және заман» (Сұхбаттар мен мақалалар, жолжазбалар мен әдеби зерттеулер). А., 2003.

Ә.Дербісәлі жайлы: «Элита Казахстана», Алматы, 1997, 116-бет; «Әбсаттар Дербісәлиев. Шығыстанушы ғалым ұстаз». Алматы, 1997, 65 бет (Биобиблиографиялық көрсеткіш. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); «Қазақ ССР, Қысқаша энциклопедия». Алматы, 1988, 3-том, 150-бет; Ф.Оразаев. «Қазақ әдебиетін зерттеушілер». «Рауан», Алматы, 1991, 67-68-беттер; «Қазақ әдебиеті». Энциклопедия, Алматы, 1999, 150-бет; «Высшая школа Казахстана в лицах», Алматы, 2000, 177—178-беттер; «Түркістан, Халықаралық энциклопедия». Алматы, 2000, 275-бет; «Кто есть кто в Казахстане», Алматы, 2001, 136-бет; «Қазақстан, Ұлттық энциклопедия», А., 2001, 201—201 -беттер; «Қазақстан жазушылары. XX г.». Алматы, 2004, 99-бет.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу