Дінбасы — ИСЛАМ — БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ

Ислам діні өз қауымын ұлтқа бөліп, алаламайды.

Алла Тағала — мейірімді, шапағатты әрі кешірімшіл. Тіпті 50 жыл күпірлік жасап, ауыр күнә арқалаған адам да тәубаға келіп, шын көңілмен Жаратушы иемізге мінәжат етсе, шапағаты мол Алла Тағала күнәсін кешіреді. Тәубаға келудің ешқашан да кештігі жоқ.

Ислам діні — кешірімшіл дін. Ол ешқашан да кекшілдікке, озбырлыққа шақырмайды.

Ислам дінін ғылым, білім, мәдениет, яғни үлкен өркениет десек жарасады.

Ислам — Қазақстанда ғасырлар бойы қазақ халқымен біте қайнасып келе жатқан дәстүрлі дін.

Ислам — гуманизм, адамгершілік, мейірім, шапағаттылық.

Ислам — рухани тазалыққа шақыратып дін.

Мұхаммед (с.ғ.с.) — ақырзамаи  ІІайғамбары. Оған дейінгі пайғамбарлар бірін-бірі толықтырып келсе, ақырзаман пайғамбары — кемел пайғамбар. Мұнан соң, пайғамбар келмейді.

Кез-келген ретті жерде біздің мұсылман екенімізді, бізді Алла Тағаланың хақ діні — Исламнан ешкім де, ешуақытта да айныта алмайтыны айтылып отырылуы ләзім.

Ислам басқа дін өкілдерімен төрт түрлі жолмен байланыс жасауды дұрыс көреді:

1.Танысып-білісіп, жақсы қарым-қаты-наста болу.

2. Бір-біріне жәрдемдесу.

3. Жақсылық жасау.

4. Әділ болу.

Исламда 4 мазһаб бар. Қазақ топырағында тамыр жайғаны — Әбу Ханифа (Имам Ағзам) мазһабы.

Ислам діні әлемге шуақ шашып, нұр тарата бастағаннан бері татулыққа, достыққа, әділдікке шақырумен келеді. Ислам өмірді ұлықтайды, адамдарды оны қадірлеуге үндейді.

Ислам — мөлдір де, кәусар бұлақ. Оған қаншама тосқауыл жасап, алдын бөгегенмен, ол бәрібір өзіне жол тауып, жарып шығады.

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген ислам дінінен, Алланың хак, жолынан айнымай имандылыққа бет бұру керек.

фото: wikipedia.org

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: 

Пікір жазу