Сәрсенбі күні Бәйдібек ауданының имамы А.Оспанов Шаян ауылындағы «Нақыпбекұлы Әуен» атындағы мешітте аудан имамдарының басын қосып, жиын өткізді. Онда қазіргі кездегі өзекті мәселелер талқыланып, діни ахуал сөз болды. Нақтырақ айтқанда имамдар жалпылама бір үлгідегі шапан жүйесіне көшу, білімді ары қарай жетілдіру, экстремистік топтардың бар-жоғын анықтау, шәкірт тәрбиелеу, бас муфтидын тапсырмаларының орындалуы жайлы әңгіме өрбітті. Ең соңында барлық имамдарға діни кітаптар үлестірілді.












