Ақырзаман 2012 жылы бола ма?

Осыдан біраз уақыт бұрын газет-журнал беттері мен интернет желісінде 2012 жылы ақырзаман болатынын жазып, әртүрлі дәлелдеумен келтіріп бірнеше деректер келтірген еді. Міне адамдар шошынған күмәнды жылда келіп қалды. Бұқара халықтың бірі «кұр сандырақ» деп қол сілтеп жүрсе, енді бірі естігенде 2-3 күн ұйықтай алмағандықтарын қорқынышпен айтып үрейленуде. Артындағы бала-шағасын, өмірдің ендігі қызықтарын қимайтын көрінеді. Оның үстіне шоққа май тамызғандай кешегі «2012» атты фильм де адамдарға біраз қорқыныш ұялатпай қойған жоқ. Иә, қорқынышы айбарлы, жерлер қақ айрылып, таулар жүнше түтілетін ақырзаман қорқынышы кімді болмасын  үрейге, уайымға салары сөзсіз. Аллаһ ол қорқынышты, тіпті бесіктегі баланың шашы ағарып кетер Қиямет күннің бетін ары қылсын. Бірақ күні келгенде бұл үрейлі суық оқиға орын алары ақиқат.

…..Әлемдік әртүрлі ақпарат көздері 2012 жылы ақырзаман болатынын мынадай деректермен дәлелдеуде: Майя тайпасының құрған күнтізбесі 2012 жылмен аяқталғаны, 4 планетаның бір сызыққа тізілуі мен күн системасының галактика орталығынан өтуін келтірсе, 2012 жылдың желтоқсан айында жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, соның кесiрiнен адамзат баласы жер бетiнен жойылып кететіні тағы айтылған. «Айқын» газетнің ресми сайтында (05.11.09ж) ғалымдардың пікірін былай деп жеткізеді: «Саналы тіршілік иесі өмір сүріп жатқан жерге көктен бес мың бес жүздей әртүрлі көлемдегі аспан денелері жақындап келеді, соның ішінде ең қауіптісі – 959-шы нысан» дегенді айтуда.

…..Аспан денелері ішіндегі ең қауіптісі – Апофиз астероиді. Мамандардың есептеуінше, 2029 жылдың сәуір айында ол жерге жақындап келетін көрінеді. Ара қашықтық 36 мың 700 не болмаса 38 мың 600 шақырым болмақ. Ал 2036 жылы осы астероид жерге 2 мың шақырымға дейін жақындамақ. Егер де ғайыптан осы үлкендігі 10 шақырымға тең, салмағы 46 миллион тонна болатын Апофиз жермен қақтығысып қалатын болса, өркениеттің ақыры болуы мүмкін деседі ғалымдар» - деп жазады С. Әмірбекұлы «Айқын» газетіндегі «Ақырзаман ЕСІГІҢДІ ТҰР ҚАҒЫП…» атты мақаласында. Мақала соңында«Қандай апаттар тосып тұр?» деп төмендегі деректерді келтіреді:

  • 2011 жылы жер 2005 YU55 астериодімен соқтығысып қалуы мүмкін. 2011 жыл – мая тайпасының күн тізбесінің соңы.
  • 2012 – көптен күтілген ақырзаман осы жылы орнауы мүмкін. Бұдан адамзаттың аман қалу мүмкіндігі бар- жоғы 0,5 пайыз көрінеді.
  • 2014 жылы ғарыштан келген аса қауіпті шаң-тозаң жолындағысын сыпырып әкетпек. Астрофизиктер осындай болжам жасауда.
  • 2018 жылы Нострадамустың болжауы бойынша, ядролық соғыс болуы әбден мүмкін, 2019 жылы жер 2002 NT7 нөмірлі астероидпен қақтығысып қалуы ықтимал.

…..Кішкене түсініктірек болу үшін осы келтірілген мағлұматтар да жеткілікті шығар деп ойлаймын.

…..Қарап тұрсаңыз соншалықты шындыққа жанасатындай дәлелдер жоқ. Тіпті барлығы болжам ғана. Және ғылым қашан да дұрыстығы мен қателігі бірге жүретіндіктен болжамдарын «сондай болуы мүмкін» немесе «солай болуы ықтимал» деп қана келтіреді.

…..Мұндай болжамдар арыны қойып, беріден айтқанда 2000 жылы ақырзаман болады деген сыбыс бүгінгідей халық арасына кең жайылған-тын. Бірақ олай болмай шығып, 2002 жылы болады екен деген сөздері де бос сөз болып, бүгінгі таңда сол тұстағы  көріпкелсымақтардың абыройлары айрандай төгілген еді. Сол сияқты 2012 жылы ақырзаман орнайды деген сөздің де төркіні түсінікті емес пе? Он сегіз мың ғаламды жаратқан Аллаһ Тағала барлығын есеппен жаратқан. Талдан үзіліп түскен жапырақ та Аллаһтың әмірімен түседі. Сондықта жерден көрі көк аспан көбірек қауіптірек деп галактика мен ақырзаманды ұштастыру ақылға келіңкіремейді.

…..Аллаһ Тағала Құран Кәрімде, «Ағраф» сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен Қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. (Сенен) Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» – деп ақырзаманның қашан болатындығын жәй ғалымдар түгілі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с) өзі білмейтіндігін айтуда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Расында Қиямет жұма күні болады…» деген хадисінен ақырзаманның жұма күні болатындығын ғана білеміз. Бірақ қай жылдың, қай айдың нешінші жұмасы екенін бір Аллаһтан басқа ешкім де білмейді де, біле де алмайды.

…..Ақырзаман жақындауының Құран және хадистерде келген кіші және үлкен белгілері бар. Оған мақаламыз ұзақ болып кетпеуі үшін тоқталмай, бірақ сол белгілерсіз ақырзаман болмайтындығын есте ұстауымыз қажет. Қазір ақырзаман 2012 жылы болады деп келтірген жоғарыдағы ғалымдардың деректеріне арнайы «НАСА» (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу АҚШ ұлттық басқармасы) агенттігінің жоғарыдағы деректерді теріске шығарғандығы жөнінде «Жас Алаш» газетінің (№13) ақпан айындағы санында жарияланған болатын. Ол жерде «НАСА» агенттiгінiң астробиология институтының ғылыми қызметкерi Дэвид Моррисон жоғарыдағы айтылған Майя тайпасының күнтізбесін тек уақыт үшін ғана жасалғандығын, оның ақырзаманға еш қатысы жоқтығын айтып, «жұрт айтып жүргендей, 2012 жылы ешқандай “ғаламшарлар парады” болмайды» – дейді. Ал, Нибиру ғалам шарына байланысты пікірі мынадай:

…..«Нибиру деген сөз вавилон астрологтарының жазбаларында да кездеседi. Зерттеушiлер оны вавилондықтар құдай деп таныған Мадукпен тығыз байланыстырады. “Энума элиш” атты бұл жазба бiздiң жыл санауымыздан 668-627 жылдардың аралығында жазылған. Дэвид Моррисон шумерлердiң астрономияда жеткен жетiстiктерiне күмәнмен қарайды. “Шумерлер Нептун, Уран және Плутон туралы ештеңе де бiлген жоқ. Олар ғаламшарлардың Күндi айналып қозғалатынынан да бейхабар болған”, – дейдi ол.

…..1983 жылдары бұқаралық ақпарат құралдары “НАСА Күн жүйесiндегi 10-шы ғаламшарды тапты, оны “Икс” ғаламшар деп белгiлеп, артынша Зена немесе Эрида деп атамақ болған. “Бұл атышулы Нибиру емес пе?” деген сауал туатыны заңдылық. Бұл оқиға шындығында былай болған: 1983 жылы НАСА IRAS деп аталатын аппаратты ғарышқа ұшырған. Ол 350-ден аса инфрақызыл сәулелер көзiн тапқан. 10-шы ғаламшар туралы сыбыс 1984 жылы тарайды. Сол кезде кейбiр ғылыми басылымдар IRAS тапқан нысандар ғылыми классификацияға жатпайтынын, оның бiзге беймәлiм ғаламшар болуы мүмкiн екенiн жазған. Алайда кейiннен Жерде және ғарышта ұзақ уақыт бойы жүргiзiлген ғылыми зерттеулер ол нысандардың өте алыс қашықтықта орналасқан галактикалар екенiн анықтады. Эридаға келсек, ол – Күн жүйесiнiң шетiндегi құртақандай ғаламшар. Көлемi Айдан да кiшi. Өзiнiң қалыптасқан орбитасы бар. Сондықтан Эрида Жерге 4 миллиард мильден артық жақындамақ емес. “Жалпы алғанда, Нибиру – ойдан шығарылған нәрсе. Қазiргi заманда астрофизиканың жақсы дамығанын ескерсек, Күн жүйесiнде “көрiнбейтiн” немесе “ашылмаған” 10-шы ғаламшардың болуы мүмкiн емес”, – дейдi америкалық ғалым.

…..Нибиру туралы аңызға ғылыми реңк беретiн тағы бiр жайт – Google Sky және Microsoft Telescope бағдарламасы ұсынған ғарыштың картасында, яғни жерден қарағандағы толық көрiнiсiнде қараңғы аймақ бар. Нибиру осы түнектiң артында жасырынуы ықтимал делiнедi. НАСА қызметкерi ол аймақта Нибирудiң жасырынуы мүмкiн емес деп есептейдi. Себебi, осы түнек 2007-2008 жылдың қыс мезгiлiнде Жер шарының әр нүктесiнен зерттелген. Шын мәнiнде, ғарышта мұндай қараңғы аймақ жоқ, ол картаға компьютердiң қателiгiнен пайда болған. Жақында бұл кемшiлiк түзетiлуге тиiс» – деп ақырзаман болады деген сөзді жоққа шығарды.

…..2012 жылы ақырзаман болады деген сандырақтың қате екеніне жоғарыда келтірген Құран аятының өзі толық жеткілікті. Ғалымдардың жоққа шығарған пікірлерін де келтіріп өттік. Бірақ, әрбір ақыл иесі ойлап қарар болса сол деректердің қате пікір екенін анық аңғарады. Осыдан бірнеше жыл бұрын «сұмдық-ай 2000-шы жылы ақыр заман болады-мыс» деп, одан болмай 2002 жылға көшкен болатын. Биыл 2011 жылға аман есен жеттік. Ал, бос сандырақ, болады деп сөз шығарғандарға абыройсыздықтан басқа ештеңе алып келген жоқ. Енді жоғарыдағы деректерге көз салыңыз, 2012 жылы былай тұрсын 2014, 2018, 2019 тіпті 2036 жылдан ары деп көрсетілген бірнеше деректер бар. Бұдан адамзат баласы қанша зерттеп бүкіл өмірін сол жолда сарп етсе де ақырзаманның қай күні екенін дәлірек айта алмайтынына көз жеткіземіз.

…..Ендеше Абай атамыз айтқандай: «Аллаһтың Өзі де рас, сөзі де рас» – деп Құранда айтылғандай ақыр заманның қай күні боларын тек барлығын жаратушы Жаппар Ие ғана біледі. Олай болса босқа қорқып, әзірше үрейленудің еш қажеті жоқ. Бірақ осы орайда ескеретін бір жайт бар. Ол, өлім мәселесі. Міне осы ажалдан қорқуымызға болады. Себебі өлім кенеттен келеді. Кенеттен келер өлімге дайын жүргеніміз амзал. Ақыретте ең алғашқы сұрайтын амал – Намаз. Намазымыз түгел болсын ағайын!

Жеңіс Әбибуллаұлы, http://zheniskaz.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    қазір 2013 жыл ғой. бірақ бәрі бір АЛЛАның қолында.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Тағдырымыз бір Алланың қолында…….


    • Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

      Алладан басқа тәңір жок Мухамед оның елшісі


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    ia jurt 21jeltoksanga kalgan arbir kundi sanap jur,tipti ogan daindalip maisham,tamak barlign alip koip jatir,jaksi soz jarm iris degen soz bar emespe kazakta,barinsha jaksi oilauga tirisaik,akirzaman bolatn bolmaitinin bir Alla gana biledi,barligi Allanin kolinda.Inshalla jaksilik bolgai kudaim!


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ақыр заман болатыны негізі рас. Бірақ қай жылы? қай күні? қай жұмада екенін бір АЛЛА ғана аян. Мен сенбеймін 21і ақыр заман болады дегенге. Не болсада жұртпен бірге көреміз… АЛЛА жар болсын бәріне!!!


  5. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    бәрі алланың қолында


  6. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Ақырзаманнан құдай сақтасын. Алла тағала сақтансағ сақтаймын демей ме. Жаманшылық шақырмайық достар. Қазақ елі аман болсын!!! Бала — шаға аман болсын!!! Не болса да коппен бірге кореміз.

Пікір жазу