ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Медресе жастарды оқуға шақырады!

Үстіміздегі жылдың 01-31 қаңтар аралығында «Астана» медресесінің дайындық курсы шәкірттерді қабылдайды. Оқу ақысыз. Үш мезгіл тегін тамақ, жатақхана беріледі. 70 шәкіртке арналған 2 қабатты медресе ғимаратының 1-қабатында асхана, кітапхана, медициналық пункт және тағы басқа тұрмыстық жайлар орналасқан. 2-қабатта оқу сыныптары, жатақханалар және қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Медресеге жалпы орта мектепті бітірген, жасы 17 мен 25 жас аралығындағы отбасы құрмаған ер балалар қабылданады. Қазіргі таңда медреседе 20 шәкірт білім алуда. Бастауыш діни сауат ашу курсын бітірген шәкірттер Астана медресесіне қабылданады. Медреседе Құран, ислам тарихы, шариғат мәселелері (Ханафи мазһабы бойынша), ақида (Мәтуриди ақидасы бойынша), араб тілі секілді пәндер өтеді.

Мақсатымыз – жастарды елін, жерін сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеу, оларды керітартпа ағымдардан сақтап қалу, діни сауаттарын көтеру.

Қажетті құжаттар:

  1. Медресе директорының атына өтініш;
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. Жалпы білімі туралы аттестаты немесе диплом /түп нұсқасы/;
  4. №086 у. мед.анықтама;
  5. Сурет 3х4  /2 дана/;
  6. Мұқабасы /скросшиватель/;

Құжаттар Астана медресесінде қабылданады.

Телефондарымыз: 8 (7172) 44 58 18,  8 701 511 70 71

Ресми сайтымыз: www.ummet.kz «Астана медресесі» айдары.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    қыздарға арналған медресеге қалай түсуге болады?

Пікір жазу