Бас мүфти православтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен православ дінін ұстанушы барлық отандастарымызды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады митрополит округінің ресми сайты.

«Сізді және православ дінін ұстанушы барлық отандастарымды Рождество мерекесімен құттықтаймын!. Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндері арасындағы көп жылдық берік достық қазақстандықтардың рухани өмірінде, патриоттықты тәрбиелеуде, азаматтардың ынтымағы мен келісімінің нығаюында маңызды рөл атқарады», — делінген құттықтауда.

Жоғары муфти қазіргі уақытта діни мерекелер көпұлтты еліміздің өмірімен біте қайнасып отырғандығын атап өткен. Сонымен қатар қоғамдағы тыныштық пен келісім ахуалының қалыптассуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған  саясатының рөлі зор екендігін  баса айтқан.

«Аса құрметті митрополит, Сізге және Сіз арқылы  Орыс православ шіркеуіне отандастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге жеміс және барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, жүректеріне бақыт пен қуаныш және Алла тағаламыздың байтақ елімізді жарылқауын тілейді», — делінген Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесі төрағасының құттықтауында.

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу