ҚР Дін істері агенттігінің дербес сайтында қызметтеріне тыйым салынған діни ұйымдардың тізімдері жарияланды

Бүгін ҚР Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz ресми сайты өз қызметін бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Агенттіктің ақпараттық порталында Қазақстан аумағында қызметтеріне тыйым салынған лаңкестік және экстремистік, оккультті-мистикалық діни ұйымдардың тізімдері, сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес тыйым салынған діни әдебиеттерге қатысты ақпараттар орналастырылған.

Сайттан республикалық маңыздағы облыстар мен қалалардағы діни ахуалдар туралы мағлұматтарды алуға болады.

«Сонымен қатар, Агенттіктің аумақтық департаменттері мен оның қарамағындағы ұйымдардың байланыс мәліметтері, тұрғындардан келіп түскен сауалдар мен оларға берілген жауаптар орналастырылып, Агенттік пен азаматтардың өзара байланысын күшейту мақсатында ашылған сенім телефоны мен азаматтарды қабылдау кестесі берілген», — делінген хабарламада.

Сайттың «Мемлекет және дін» журналының электронды нұсқасымен және дін саласындағы барлық нормативті-құқықтық актілерден тұратын құқықтық базамен толықтырылуы — оның маңыздылығын арттыра түспек.

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Ассаләмуғалейкум! Алғашында ештеңе түсінбей, қайран қалға, есімді жоғалтқандай болып едім /мем.орг.намазға тыйым салу, кітаптарды тексеру, т..б.\, содан біраз ізденіп, аздап бұрыстау кетіп бара жатқанымды байқап, көзім шырадай ашылды. Агенттіктің талап-істері дұрыс сияқты. Өйткені, пайғамбарымыз с.ғ.с. «Үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді. Оның 72-сі тозақтық, біреуі ғана жәннатқа барады» деген екен. Осы хадисті 13-14 жыл бойы оқыған кітап-журнал, газеттерден сан рет кездестіріп оқысам да , мағынасына терең бойламаппын, «үмметім» деп мұсылмандарды айтқан екен ғой! Сонда мұсылмандардың өзі 73 топқа бөлінеді екен ғой!!! Ең тура, жаннатқа апаратына «аһли сунна уаль жамағат» негізі бойынша жүргендер екен! Ол негізді қалағандар — сахабалардың көзін көргендер, ал сахабалар пайғамбаррымыздың көзін көріп, қасында бірге болғандар екен. Бірінші Аллаһ Тағалаға, екінші осыны ұғуға, санамды айқын ашуға себеп болған дін істері агенттігіне алғысым шексіз! Аллаһ Тағала разы болсын сізден.

Пікір жазу