ТҮРКИЯ ҰШАҚТАРЫНДА ҚҰРАН ТЫҢДАУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түрік Әуе жолдарының дауыс және видео жүйелерімен жабдықталған 30 ұшағында жолаушыларға арналған жаңа қызмет түрі іске қосылды.

Тұңғыш рет шетел рейстерін жасайтын Түркия ұшақтарында жолаушылар үшін тек көркем фильм, музыка, ойындар ғана емес, сонымен қатар Құран тыңдау қызметі ұсынылды.
Сондай-ақ Құран Кәрімнің түрік тіліндегі мағынасы да беріліп, ал болашақта бұл қызмет 4 тілге аударылуы жоспарланып отыр.

Түркия мемлекетінің Дін істері басқармасы мен Түрік Әуе жолдары басшылығының бірігіп ұйымдастыруымен жасалған «Дауысты Құран Кәрім» қызметі, халық арасында оң баға алып, жақын уақытта бұл қызметтің видео үлгісінің де іске қосылуы күтілуде.

ЫСТАМБҰЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1147

    Өте тамаша. Мұсылман қауымы үшін қуанышты хабар екен. Біздің әуе компаниялары да осындай игі іске еліктесе екен. Ербосын.

Пікір жазу