Мемлекет мүлкіне деген адалдық

Хазірет Омар (р.а.) бірде түнде жұмыс істеп отырғанда, бір сахаба сәлем бере келеді. Хазірет Омар (р.а.) ә дегенде оның сәлеміне жауап қатпайды. Жұмысын аяқтаған соң білте шамды сөндіріп, орнына басқа бір шамды жағады. Содан кейін барып қонақтың сәлемін алады. Әңгіме барысында сахаба: «Уа, Омар, неге сәлемімді дереу алмадың? Шырақты ауыстырғаның не? — деп әлгі әрекетіне таңырқай сұрақ қояды. Сонда хазірет Омар (р.а.) өз ісінің астарын былай деп түсіндіреді: «Алдыңғы шырақ мемлекеттің қазынасынан алынған. Оның жарығымен тек мемлекеттік істерді ғана қарауға әдеттенгенмін. Ол шырақты жағып қойып жеке басымның шаруасымен айналыссам, ақыретте не деп жауап бермекпін?! Сенімен жеке мәселелерді сөз қылатын болғандықтан, қазынаның шырағын сөндіріп, жеке шамымды жақтым. Сәл күттірген себебім сол», — дегенде, бұл жауапты естіген серігі оның мемлекет мүлкіне жанашырлығына тәнті болып: «Уа, Раббым! Хаттабтың ұлы Омарды мың жасат», — деген екен.

 Қ. Бағашар

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Оқыған адамға сабақ аларлық әңгіме екен. Марқұм, иманды болғыр менің әкем Отарбай да Хазірет Омар ( р.а .) секілді өте адал жан еді.

Пікір жазу