Әлеуметтік желінің соңы әлімжеттілікпен аяқталды

Әлеуметтік желі дегенде жалпы біздің ойымызга тек қана «Агент» деген сөз ғана келеді.  «Майл. ру агент», «Мобильді агент», «Мой мир», бұл ұғымдар қазіргі күні артық жарнаманы немесе түсіндіруді қажет етпейді. Себебі оны білмейтін адамды табу қиын шығар.
Бірақ дүниеде тек «агент» емес одан да бөлек «фэйсбук», «твиттер» секілді әлеуметтік желілер баршылық. Сол секілді «гугл тэлк», «йахоо месенжер» т.б.
«Қазіргі күні жастар қала берді орта жастағы ағаларымызда агентті пайдаланып жүр.
ҚазҰУ-дың студенті Мәдина Жеңісованың анықтамасына сүйенер болсақ: М-агент – ТМД көлеміндегі ең әйгілі жылдам хабар алмасу бағдарламасы. Бүгінде Маil.ru-дың агентін дүние жүзінің 16 млн адамы қолданса, бір уақытта 2 млн адам желіде отырады екен.
Енді негізгі мәселе көшер болсақ, Агент-біреуге ермек, ал біреуге- шын мәнінде керек. Өзімізге керек, себебі сайтымыздағы жарияланып жатқан мақала немесе аудандағы іс шараларды осы агент арқылы алып жатырмыз. Бұрынғыдай факсті қолдану істен шығып бара жатқандай. Себебі факспен келген мәліметті қайта теру керек деген проблемасы бар. Ал агент арқылы терілген, дайын материал қолыңа оп деп оңай ғана келіп түсе қалады.
Агенттің зияндығы жайында сөз қозғаған артық болар, себебі ол жайында қаншама сайттар, газеттер жазды, жазыпта жатыр.
Мысал ретінде:
«АГЕНТПЕН» АУЫРЫП, ТАРИФКЕ ТӘУЕЛДІ БОЛМАҢЫЗ (Замана газет),
Агенттің әлегенінен шыға алмай жүр…» (Намыс.Кз сайты)
Агентпен «ауырасыз» ба? (Мінбер.Кз сайты)
(М-Агент, менімен егіз бе едің? (Ақтөбе газеті) т.б.
Бүгін www.bnews.kz сайты Астанада желі арқылы таныстық зорлаумен аяқталды деген атпен жаңалық жариялады.
Астанада қыз бала үшін желі арқылы таныстық үлкен қасіретпен аяқталды, деп хабарлайды қала ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Астана қаласы ішкі істер департаментіне жас қыз жәбірленгендігі жөнінде шағым түсірді. Жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан ол онымен белсенді түрде хат жазысып, оның соңы кездесу жөнінде ұсыныспен жалғасқан», — делінген хабарламада.
Қауіп жөнінде ешнәрсе сезбестен қыз күдікті досымен кездесуге барады. Онымен хат жазысқан жігіт әлдеқайда ересек азамат екен. Ол өз анкетасында жасын 15 жылға жасартып көрсетіпті. Танысып үлгерместен жігіт қызға қырындап, тұрпайы ұсыныстар жасай бастаған. Қарсы жауап алған ол көлік есігін құлыпқа жауып, қызды сол жерде жәбірлеген.
«Қазіргі уақытта Астана қаласы ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері қылмыскерді қолға түсірді. Жәбірлеушіге қарсы ҚР ҚК 120 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Қысқаша ғана жазбамызды қорыта келе айтпақ болған ойымыз пышақпен мал союға немесе қылмыс жасауға болады емеспе?
Агентте отырам деп опық жеп қалмаңыздар!!! Әсіресе қызбалалардың абай болғаны дұрыс деп есептеймін.

Ұлықбек Алиакбарұлы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу