Үлкен күнәлар кітабы – Аллаһтың рахметінен үмітсіз болу, Білімді жасыру, Аллаһ және пайғамбар атынан жалған айту, Тағдырға сенбеу

7. Аллаһтың рахметінен үмітсіз болу

Аят:«…Аллаһтың рахметінен тек кәпір қауым ғана үмітсіз болады. (Жүсіп 87) «(күнә істеп) өздеріне зиян қылған құлдарым Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер, Аллаһ біртұтас күнәларды жарылқай-ды..» (Зүмар 53).

Сондықтан әр қандай күнә істеген болса да; мен өте көп күнә істедім енді Аллаһ мені кешірмейді деме, тәубеңе келіп Аллаһтан кешірім сұрасаң Аллаһ кешіреді. Аллаһтың мейірімі кең. «Мейірімім, Рақымым барлық нәрседен кең» (Ағраф156). «Аллаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, одан басқа күнәны  қалағанына кешіреді». (Ниса 48).

8. Дүние табу мақсатымен (Шариғат) білімін үйрену, Білімді жасыру

Пайғамбарымыз а.с: «Кім Аллаһтың разылығын талап ететін білімді дүние табу үшін үйренсе, ол қиямет күні жәннаттың иісін де сезбейді». (АбуДауд). Ал жасырғандар туралы Аллаһ құранда:  «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді, әрі тура жолды кітапта баян еткеннен кейін жасырғандарға Аллаһ лағынет етеді, әрі барлық лағынет етушілер лағынет етеді». (Бақара 159). Пайғамбарымыз а.с: «Кім білген нәрсесі туралы сұралса, ол оны жасырса, қиямет күні оның аузына оттан болған жүген салынады». (Ибн Хиббан, Хаким).

9. Аллаһ және пайғамбар атынан жалған айту.

Аят: «Қиямет күні Аллаһқа, Оның аятына өтірік айтқандардың жүздері қап-қара болғанын көресің». (Зүмар 60). Яғни Аллаһқа серік қосу, сол серік қосқан нәрселері бізді сақтайды деулері. Аллаһтан басқа ешкім, ешнәрсе Аллаһтың ісіне арласа алмайды. Аллаһтан басқа күш құдірет жоқ. Аллаһқа ғана тиісті болған істерді  басқалардың да қолынан келеді деп айту, соған сену және Аллаһ харам қылған нәрселерді халал деу бұл ашық күпірлік. Пайғамбарымыз а.с: «Кім менің атымнан жалған айтса, өз орнын тозақтан әзірлей берсін. (Бухари). «Мұсылман әрқандай күнә жасап қоюы мүмкін, бірақ өтірік сөйлеуі қиянат қылуы мүмкін емес». (Баззар, Абу Яьла).

10.Тағдырға сенбеу.

Аят: «Біз әрбір нәрсені тағдыр өлшеумен жараттық.»  (Қамар 49) Пайғамбарымыз а.с: «Әр-бір жақсылықта жамандық та тағдырдан деп сену ол имандылықтың белгісі» «Аллаһ мақұлықтарының тағды-рын аспан жерді жаратудан 50 мың жыл алдын жазып қойған». (Муслим). «Әрбір нәрсе тағдыр өлшеумен (болады) тіпті әлсіздік те, зеріктік те». (Муслим). (Тағдыр туралы басқа да кітаптарды оқыңыздар).

фото: www.elitarium.ru

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , ,

Пікір жазу