Иса а.с. пайғамбар

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!


Мәриямның әкесi Ғимран бәни исраил қауымының ұлық адамдарының бiрi едi. Өимран да, Оның зайыбы да Аллаһқа шын берiлген нағыз тақуа жандар болатын. Тәңiрi сондықтан оларды рақымына бөлеп, тiлектерiн қабыл еттi, ұрпақтарын бүкiл адамзатқа үлгi боларлықтай дәрежеге көтердi.
Мәриям құлшылық үйiнде бой жеттi. Оның ойына Аллаһқа мiнәжат етуден басқа ештеңе кiрiп-шықпады. Бойынан нағыз тақуалық белгiлер көрiнiп тұратын. Жұртпен араласпай ғибадатханада қызмет iстеп, өзiмен-өзi оңаша жүретiн. Бiр күнi оған Аллаһ Та`ала Жәбiрейiл перiштенi жiбердi. Жәбiрейiл, алейһиссәлам, Мәриямға кәдiмгi адам түрiнде көрiндi.
Мәриям ойда-жоқта кездескен бейтаныс адамнан қорқып қаша жөнелмек болды. Сосын Жаратқанға жалбарынып, көмек сұрады. Перiште оның қорқынышын басып, тыныштандырды.
– Мен сен ойлағандай адам емеспiн. Мен – Тәңiрi жiберген перiштемiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам,
– Сен тақуа болсаң, мен рақымды Аллаһқа шын сыйынып, сенен пана тiлеймiн! – дедi Мәриям оған.
– Мен саған бiр таза ұл беру үшiн келген Тәңiрiнiң елшiсiмiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам,
– Маған ешкiм жақындап көрген жоқ, сонда менде қалай ұл болмақ? – дедi Мәриям.
– “Ол мен үшiн оңай нәрсе” деген сенiң Тәңiрiң, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам,
– Сенiң айтқаның шын. Ал бiздiң дәлелiмiзге келсек, бұл шешiлiп қойған тағдыр.
Мәриям жүктi болды да, үйiнен алыс жаққа кетiп қалды.
Ойда жоқта жүктi болған Мәриям алдағы күнiн ойлап қамықты. Елдiң өсегiне қалатынына қиналды. Шындыққа жұрттың көзiн жеткiзе алмаған қандай қиын. Ол ендi ешкiммен сөйлеспей оңаша жүретiн болды. Мәриям ой құшағында жүрiп уақыттың қалай өткенiн байқамай да қалды. Сыры жұртқа жария болар уақыт таянған кезде ел көзiне түспеу үшiн ата мекенi Назаретке келiп, жалғыз өзi жеке үйде тұрып жатты.
Мәриям қинала жүрiп Аллаһқа жалбарынып көмек сұрады. Перiштелер Мәриямға былай деп хабарлады. “Ей, Мәриям! Аллаһ саған Өз құдiретiмен, әкесiз бiр бала беру арқылы қуанышқа бөлейдi. Оның есiмi – МасиӘ– Мәриямұлы Иса. Бұ дүниеде де, Қиямет күнi де ол мәртебесi биiк және Аллаһқа жақындардың бiрi болады. Бесiкте жатқанда да, ер жеткен шағында да адамдарға көрегендiк сөздер айтады, дiндарлығы мол жақсы адам болады.
Бұл хабарды естiген соң, Мәриямның көңiлi тынышталды. Егер осы айтылғандар рас болса, елдiң мұны бекерге жазғыра алмасы белгiлi. Мәриямның пәктiгiне көздерi жетiп, өсек-аяңға тыйым салынары сөзсiз.
Босанар мезгiл жақындап, толғақ басталған шақта Мәриям үйiнен шығып, жалғыз сенделдi.
Қатты қысқан толғақтың салдарынан сүйенiп отыру үшiн бiр құрма ағаштың түбiне келдi. “ Бүйтiп қиналғанша бұрын-ақ өлiп қалмаған екем! – дедi Мәриям. Атым өшiп, ұмыт болған бiреу болсам еттi!”
Мәриям айдалада жападан-жалғыз қиналып жатып босанды. лi құрып, қатты шаршады. Қаталап шөлдеп нәр татқысы келдi. Бiрақ оған қол ұшын берер ешкiм болмады. Қамығып Аллаһ Та`аладан жәрдем тiледi. Осы кезде құрма ағашының түбiнен Жәбiрейiлдiң даусы естiлдi:
– Қамықпа, Тәңiрiң сенiң астыңнан ағып жататын бiр бұлақ пайда қылды. Құрма ағашын өзiңе қарай тарт. Алдыңа оның жаңа пiскен жемiсi төгiледi. Же, iш, көңiлiң демделедi. Егер бiрер адам көрiне қалса, “ Мен рақымды Аллаһқа шын уәде берiп едiм, бүгiн ешкiммен тiл қатыспауға тиiспiн”, – де.
Мәриямның некесiз бала туғанын естiген жұрт оны сан-саққа жорып, әңгiме көрiгiн қыздыра түстi. “Ол Құдайға таза берiлген қыз емес пе? Некелi күйеуi жоқ, кiмнен туды екен?”, – деп таңырқады олар.
Бөбектi көтерiп Мәриям елiне келдi.
– Ей, Мәриям! Шынын айтсақ, сен бiр өрескел iс жасадың-ау,– дестi олар. – “Ей, Әарунның қарындасы! Сенiң атаң жаман адам емес едi, анаң да жолдан тайып көрмеген әйел болатын”. Ағайындарының тұс-тұстан бораған осындай сөздерiнен қысылған Мәриям тезiрек шындықты айтып, өзiнiң пәктiгiн дәлелдеуге асықты.
– Бұл – мен күтпеген iс, кездейсоқ болды, – деп ақталды ол. Бiрақ жұрт мұндай iстiң кездейсоқтығына сене қоймады. Сол кезде Жәбiрейiл перiште Мәриямға ишарат қылып, бесiкте жатқан баланы нұсқады. Мәриям оларға бөбектi көрсеттi.
– Оу, бесiктегi бөбекпен қалай сөйлеспексiз? – дедi олар.
– Мен Аллаһтың шынайы пендесiмiн, – дедi баланың өзi тiл қатып.
– Аллаһ маған кiтап (Iнжiл) бердi және пайғамбар еттi. Қайда болсам да менi құптайтын болды да, бүкiл өмiрiмде намаз оқуға, зекет беруге бұйырды. Менi анама мейiрiмдi еттi, өркөкiрек, қиқар болуыма жол бермедi. Туған күнiмде де, қайта тiрiлетiн күнiмде де менiң амандығым қамтамасыз етiлдi.
Сөйтiп бесiктегi бала анасын ғайбат өсектен құтқарып алды. Бесiктегi баладан мұндай кереметтi күтпеген жұрт ауыздарын ашып, таңырқап қарап қалды. Мәриямның сөзiне сенбеске ендi олардың амалдары қалмады. Бұл хабар елге тез тарады. Құдайдың құдiретiне сенетiн адамдар балаға табына бастады.
Пәктiгiн дәлелдеп, бетiн ашып алған Мәриям жұрттың қалған сөзiн елең қылмады. Баласын әлпештеп өсiрудi ғана ойлады. Иса ақылды зерек боп өсiп келе жатты. Мәриям баласының болашақта Аллаһтың елшiсi болатынына, халықты тура жолға бстайтынына сендi.
Жұрт Исаның жаратылысын сан-саққа жүгiрттi. Бiреу оны Тәңiр десе, бiреу Тәңiрдiң ұлы деп түсiндi. Құранда бұл туралы былай деген:
“Иса Тәңiр де, Тәңiрдiң ұлы да емес, тек бiздiң пайғамбар етуге ниетiмiз ауған пенделердiң бiрi ғана. Бiз оны исраил әулетiне құдiретiмiздiң бiр дәлелi етiп жiбердiк”. (Зүһруф 43:59)
Иса айтса айтқандай ақылды, көреген жiгiт боп өстi. Ол Құдайдан қорықпай, арам жолмен мал жинаған әкiмдер мен дiн басыларын аяусыз әшкерелеп отырды. Имансыздық жайлаған қоғаммен Иса жалғыз күрестi. Халықтың көзiн ашып, санасына сәуле түсiру керек. Аллаһ Та`ала осы мақсатты орындау үшiн Исаға, алейһиссәлам, отыз жасында пайғамбрлық мiндеттi жүктедi. Исаның жүректен шыққан данышпандық насихаттары көкейiне қонған адамдар оның соңынан ердi. Оның бұл әрекетi дiнбасыларына ұнамады. Олар Исаға, алейһиссәллам, жаулық ойлай бастады. ЯӘудилер тiптi Исаның, алейһиссәлам, пайғамбар екенiне күман келтiрiп, оған сенбейтiндiктерiн бiлдiрдi. Аллаһ Та`ала Исаға, алейһиссәлам, уәхи арқылы нұр кiтабы – Iнжiлдi түсiрдi. Iнжiл-өзiнен бұрынғы Тәуратты бекiтушi әрi дiндарларға тура жол нұсқаушы насихат-кеңес кiтабы. Бiрте-бiрте оған иман айтқандар саны көбейiп, кертартпа дiнбасыларының тынысы тарыла түстi.
Иса, алейһиссәлам, өзiнiң пайғамбарлығына айқын дәлелдер келтiрдi.
– Мен сендерге хикаят ала келдiм. Сендер таласып жатқан нәрсенiң кейбiрiн мен өздерiңе айтып бере аламын. Аллаһтан қорқыңыздар, маған бой ұсыныңдар. Менiң Ием де, сендердiң Иелерiң де бiр Аллаһ. Соған бой ұсыныңдар, тура жол – сол,– дедi.
Алайда қолдарындағы ұлан-асыр биiктен айырылып қалғысы келмеген яӘуди ұлықтары халықты оған қарсы қоюға тырысты.
Иса, алейһиссәлам, ауыл-ауылды аралап уағыз айтып жүрдi. Дұшпандары одан айқын дәлелдер талап ете бастады. Пайғамбар дәлел келтiрген шақта “бұл сиқыр” деп шу көтердi.
– Ей, исраил ұрпақтары! – дедi оларға Иса, алейһиссәлам, – Сендерге менi Аллаһ жiберген. Өзiмнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзiмнен соң “Ахмет” атты пайғамбар келетiнi туралы қуанышты хабар әкелушi пайғамбармын.
Бiрақ дұшпандар оның сөзiне иланбады. Оның есесiне бұл хабар Аллаһқа иман келтiрген мүминдердi үлкен қуанышқа бөледi.
– Тәңiрi тарапынан мен сендерге шынайы бiр кереметпен келдiм, – дедi Иса, алейһиссәлам, – Топырақтан құстың мүсiнiн жасаймын да, сонан соң оны үрлеймiн. Сонда ол Аллаһтың әмiрiмен құс болады. Тума соқырды да, алапестi де Аллаһтың әмiрiмен жазамын. Өлгендi тiрiлтемiн. йлерiңде сендердiң не жеп, не iшетiндерiңдi және үйлерiңде не бар екенiн айтып беремiн.
рине, Иса, алейһиссәлам, осы айтқандарының бәрiн жүзеге асырды. Бұдан соң оған сенушiлер көбейе түстi.
Дегенмен жұрт екiұдай күй кештi. Бiрi сенсе, бiрi сенбедi. Сондай қиын кезде Исаның, алейһиссәлам, соңына ерген сенiмдi шәкiрттерi болды. Олар қобалжып күдiктенбей пайғамбарға шын сендi. Бiрақ олар бар -жоғы он екi-ақ адам едi.
Бiрде Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге ел аралап, уағыз айтып жүрiп, бiр жерге келiп тыныстады. Осы сапарда олар өздерiнiң сенiмдерiн тағы да нығайта түскiлерi келдi.
– Сенiң Тәңiрiң бiзге үстiнде тағам толы дастарқан түсiрiп бере ала ма? – деп сұрады.
– Құдайға сенетiн болсаңдар мұндай сұрақ қоюға қорқар едiңдер, – дедi Иса, алейһиссәлам, оларға.
– Бiз сол тағамнан татуды, көңiлiмiздi орнықтыруды, сенiң айтқаныңның растығына көз жеткiзудi және пайғамбарлығыңа куәгер болуды қалаған едiк, – дестi олар. Иса, алейһиссәлам, олардың айтқанын екi етпедi.
– Ей, Жаратқан Ием! Бiзге үстi тағамға толы дастарқан түсiршi! Осы күн бiзге де, бiзден соңғыларға да бiр мейрам болып қалсын. Сол дастарқан бiзге бiр керемет дәлел болып қалатын болсын. Бiзге ризық бершi! – дедi Иса, алейһиссәлам.
– Оны мен сендерге сөз жоқ түсiремiн, – дедi Аллаһ. – Ал содан кейiн сендерден кiмде-кiм кәпiр болса, оны жаӘанда ешкiмге бұйырмаған, барынша ауыр азаппен жазалаймын.
Тойып тамақ iшкен хауарилер Аллаһ Та`аланың шәксiздiгiне, Исаның, алейһиссәлам, пайғамбарлығына күмандары қалмады.
Исаның, алейһиссәлам, бұл кереметi де жұртқа тез тарады. – Бұл барып тұрған сиқыр, одан басқа түк те емес,– дедi оның дұшпандары. Сол кезде ол Аллаһтың әмiрiмен молада жатқан өлiктi тiрiлттi. Бәни исраил қауымы сонда да оған иман келтiрмедi.
Иса, алейһиссәлам, заманында еврейлер Рим патшасының қарауындағы ел болатын. Елдiң ұсақ-түйек тiрлiгiне араласпағанмен, негiзгi билiктi патша жүргiзiп отыратын.
Азған қауым Исаға, алейһиссәлам, шамалары жетпесiн түсiндi. Сонан соң Рим патшасына қиянат жасауы мүмкiн деген сөз таратты. Күндердiң күнi бұл қауесет патшаның құлағына да жеттi. Мұны естiген патша Исаны, алейһиссәлам, дарға асып өлтiру керек деген үкiм шығарды.
Патша жеңдеттерi пайғамбарды тұтқындау үшiн көп әуре-сарсаңға түстi, бiрақ оны ұстай алмады. Сол кезде Исаның, алейһиссәлам, достарының арасынан шыққан бiр сатқын пайғамбарды ұстап беруге бел байлады. Сөйтiп кәпiрлердiң марапаты мен мол олжаға кенелгiсi келдi. Оның түрi, сырт пiшiнi пайғамбарға ұқсайтын едi. Сатқын Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге отырған үйдi жендеттерге айтып бердi. Сөйтiп түк болмағандай өзi де сол жерге келiп отырды.
Кешкi апақ-сапақта жендеттер сол үйге жетiп келдi. Пайғамбар шәкiрттерiмен сол жерден сытылып шыға бердi. Жендеттердiң көзiне сатқыннан басқа ештеңе iлiкпедi. Жендеттер оны әй-шайға қаратпай сүйреп ала жөнелдi. Арада тағы бiраз уақыт өткенде әлгi сатқын дар ағашында керулi тұрды.
Дiн басылары Исаны, алейһиссәлам, өлтiрдiк деп ойлады. Бiрақ олар қатты қателестi. Бұл кезде Иса, алейһиссәлам, халықтың иманға үйiрiлмейтiн надандығы туралы ойға батып отырды.
– Ей, Иса! – дедi оған Аллаһ – Сенi рухқа айналдырамын да Өзiме әкелемiн, сөйтiп кәпiрлерден құтқарамын. Саған iлескендердi Қиямет күнiне дейiн дiнсiздерден үстем етемiн. Сонан соң бәрiң менiң құзырыма қайтасыңдар. Мен сендердiң араларыңдағы жанжалдарыңа сонда үкiм шығарамын.
Исаның, алейһиссәлам, өмiрбаяны туралы бiзге жеткен деректер, мiне осындай. Оның жаратылысы туралы да талас күнi бүгiнге дейiн тоқтамай келедi. Бiрақ бiз үшiн Құран аяттарынан асқан айқын дәлел жоқ.
Мақала «Шапағат-Нұр» журналынан алынды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    «Ly illaha il ALLA Muhammad’ rasul ALLA»

Пікір жазу