«Муаз ибн Жабал» мешіті

«Муаз ибн Жабал» мешіті Шымкент қаласы, Еңбекші  ауданы, 11   мөлтек ауданында орналасқан. 2004 жылы асарлатып салынған. Мешіттің жалпы ауданы 0,15 га. Үлкен намаз оқу залына   кілемдер төселген. Мешіттің бір үлкен күмбезі бар, екі бұрышында екі мұнара орналсақан. Мешіт ғимараты күйдірілген кірпішпен тұрғызылған. Есігі мен  терезелері пластикалық металдан жасалған. Қабырғасының биіктігі 4 метр.  Шатыры ақ қаңылтырмен жабылған.  Мешітте бір мезгілде 200 адам намаз оқи алады.

Дәретхана сыртта салынған. Мешіт ауласына жеміс ағаштары  отырғызылған.  Жол жиегіне имандылық айнасы ілінген  тақта орнатылған. Мешітте жазды күндері діни сауат ашу  дәрістері өткізіледі.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Пікір жазу