Шардара ауданы: Көшпелі ауыл аралық семинар

Қаңтар айының 25 — ші жұлдызында Ақ — алтын ауылы «Ақ — алтын» жалпы орта мектебінде «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға ауыл әкімшілігінің бас маманы Ізбасаров Данияр, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алибеков Арапбек, аудан имамы Асылхан Данияров, Ақ — алтын ауыл мешітінің молдасы Тамғабаев  қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алибеков Арапбек: Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар сіздерге аудан көлеміндегі діни ахуалмен таныстырып өтсем Шардара ауданы бойынша 12 мұсылмандық бағыттағы ҚМДБ — ның  филиалдары, яғни мешіттер   жұмыс атқаруда. Оның барлығы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) жолы бойынша үгіт — насихат жүргізеді. Күні кеше «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң» қабылданып 2011 жылдың  қазан айының 15 — ші жұлдызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді.

Аудан имамы: А. Данияров Құрметті Ақ — алтын ауыл тұрғындары, ұстаздар, мектеп оқушылары бүгінгі сіздермен кездесуіміздің мақсаты «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» мақсатында аудан әкімшілігінің жанынан арнайы түзілген жоспары бойынша келіп отырмыз.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған  «Кері тартпа діни ағымдар» жайлы ақпараты көбейтіліп, барлық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі тәлімгерлеріне, ауыл имам — молдаларына таратылып, сонымен қатар жергілікті «Өскен — өңір», «Шартарап — Шарайна» газеттеріне олардың зияндықтары мен адасқан тұстарын басылымға жіберілуде.

Бұл кездесудің пайдасы елімізде тұратын халықтардың озық салт — дәстүрі мен әдет — ғұрыптарын ескере отырып, ел — жұртты қазақ халқының ұлттық  діни моральдық, адамгершілік ізгі қасиеттері мен құндылықтарына сондай — ақ ҚР Ата заңына құрметпен қарауға және еліміздің болашағы жетіліп келе жатқан жастарымыздың  тәрбиесіне көптеп пайдасы тиетіндігіне баршамыз толық сеніммен қарай аламыз.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде қазіргі таңда уақыт талабына сай компютер құралдарымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Сіздерге хабарландыру  ретінде айтар болсам, ҚМДБ — ның ресми сайты muftyat.kz, ОҚО орталық     «А. Қаттани»  мешітінің ресми сайты kattani.kz, Нұр Астана мешітінің ресми сайты ummet.kz, Алматы орталық мешітінің ресми сайты meshit.kz  және «Шардара» орталық мешітінің shardara.kattani.kz, arys.kattani.kz, shymkent.kattani.kz блогтары жұмыс атқаруда.

Сөз соңында сіздерге хабарландыру Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ОҚО бойынша өкілдігі және «Ордабасы — НЖ» туристік компаниясы алдымыздағы қасиетті ай Мәуліт айы қарсаңында студенттер мен оқушылар арасында «Шығармашылық бәйге» ұйымдастырылуда. Бәйгеге түсіп бағыңды сына демекші құрметті оқушылар мақала жазып, бас жүлдеге, яғни «Умра» қажылыққа ие болуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Ақпан айының 16 жұлдызында Шардара қаласы «Абай» мәдениет үйінде «Шардара» аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен  «Қош келдің Мәуліт» атты мерекелік кеш өтеді.

 «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу