Ордабасы ауданы: Шұбарсудағы мәуліт

Мәуліт-бүкіл мұсылмандар үшін қасиетті мереке. Ақырғы пайғамбар Мұхаммед С.Ғ.С-ның дүниеге келуі адамзат тарихының дамуын күрт өзгертіп, рухани әрі қоғамдық салада ең ұлы төңкеріс жасады. Адамдардың ой санасын ақиқатқа жетелеп, жүректеріне мейірім мен рахым сыйлады. Оның келуімен түсініксіз мына жұмбақ ғаламның мән-мағынасы айшықталды. Пұтқа табынып, нәпсіге құлдық ұрған пенделер шынайы Жаратушыны таныды.
Осындай қасиетті мереке Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекеніндегі «Әр-рахман» мешітінде 5 ақпан күні үлкен іс-шара өткізілді. Негізінен мәулітке ауыл тұрғындары, ауыл билері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қажылар және Шұбарсу ауыл әкімшілігі, аудандық маслихат депутаттары қатысты. Мәуліт шарифты Шымкент қаласы «Саяси қуғын-сүргін» мешітінің бас имамы Гултураев Иззатулла оқыса, арнайы қатым құранды «Тәжібай ата» мешітінің имамы ҚҰдайбергенов Ұлықбек қари оқыды. Мәулітке жиналған жамағат алдында аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің найп имамы Н.Шалқаров және «Рахман» мешітінің имамы Ә.Асанов тұщымды уағыздар айтты. Сондай ақ көпшілік алдына ауыл округі әкімі Алпамыс Нұрмұратов және аудандық маслихат депутаты Әбдрахман Тұрмағанбетов осы игі шараны ұйымдастырған мешіт имамына жамағат атынан ризашылықтарын білдірді.
Мәуліт соңынан песін намазы оқылып, 350 кісіге арнайы дастархан жайылып ас берілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектерге демеушілер тарапынан яғни 50 жан ұяға азық-түлік тегін таратылды.

Аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің
Баспа сөз хатшысы Д.Жұмаділов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу